- Негізгі бет
- Әлемтану
- Медузалар жайлы қызықты...
Медузалар жайлы қызықты фактілер
Медузалар — Жердегі ең ежелгі жануарлардың бірі. Олардың түр-түрі бар. Біз медуза деп атайтын жануарлардың көбісі Cnidaria типіне жатады. Бұл тіршілік иесі жайлы қызықты фактілер ұсынамыз.
Олар динозаврлардан да бұрын пайда болған
Медузалардың сүйектері жоқ, сондықтан олардың тасқа айналған түрін ешкім тапқан жоқ. Алайда ғалымдарда олардың мұхитта жүзіп жүргеніне аз дегенде 500 миллион жылдай болғанын растайтын дәлелдер бар. Негізінде, медузалар шамамен 700 миллион жылдай бұрын пайда болған болуы да мүмкін.
Оларға адамдардың мұхиттағы қышқылдылық деңгейін өзгерткені әсер етпейді
Теңіз мекендеушілерінің көпшілігіне қарағанда медузалар біздің мұхиттарда жақсы өніп-өседі. Адамдар әрекеті медузалар өмірін жайлы етеді. Маржандар, устрицалар және басқа да қабыршағы бар ағзалар қазіргі ахуалда жолы болмағандарға жататынын білеміз. Алайда теңіз проблемалары медузаларға әсер етіп жатқан жоқ.
Олар 98% судан тұрады
Медузалар мұхит толқындарында бірқалыпты тербеліп, қоршаған ортамен бірлесіп кеткендей көрінеді. Оның себебі олар түгелдей дерлік судан тұрады. Толқындар медузаларды жағаға шығарып тастағанда олар бірнеше сағаттың ішінде буға айналып, толықтай жоқ болып кетеді. Олардың миы жоқ, тек қалдықты жүйке жүйесі (эпидермисте орналасқан жүйкелердің бос желісі) бар. Сондай-ақ олардың жүрегі жоқ.
Кей медузалардың көзі бар
Денесінің қарапайым құрылымына қарамастан кей медузалар көру қабілетіне ие. Оған қоса, кей түрлерінің көруі күрделі болып келеді. Мысалы, кубомедузалардың 24 көзі болады, оның екеуі түстерді ажырата алады. Сондай-ақ бұл жануарлар көру «датчиктерінің» күрделі жиынтығының арқасында қоршаған ортаны 360 градуста көре алады.
Медузалар планетағы ең қауіпті тіршілік иелерінің қатарына жатады
Медузалар уының күші олардың түріне қарай өзгереді. Әлемдегі ең улы медузаға кубомедуза жатады: оның бір шағуының өзінен ересек адам бірнеше минутта өліп кетуі мүмкін. Оған қоса, медузаның шаққан жері қатты ауырады: адам удан емес, ауырсынудан болатын шоктан қайтыс болуы мүмкін екен.
Олар әртүрлі мөлшерде болады
Кей медузалардың кішкентай болғаны соншалық, оларды судан көру мүмкін емес. Олардың ең кішкентайларына Staurocladia және Eleutheria тұқымының өкілдері жатады: олардың басының диаметрі 0,5 миллиметрден бірнеше миллиметрге дейін болады. Бірақ олардың алып түрлері де бар. Әлемдегі ең ұзын медузаға «арыстанның жалы» (cyanea capillata) деп аталатын медуза жатады: оның қармауышының ұзындығы 37 метрге дейін барады. Ал салмағы мен диаметрі бойынша әлемдегі ең үлкеніне Номура медузасын жатқызады. Оның басының диаметрі екі метрге дейін жетсе, салмағы 200 килограмға дейін барады.
Кей медузалар жеуге жарамды
Оларды мейрамханалардан табу оңай емес, алайда кей жерлерде, мысалы, Жапония немесе Кореяда оны деликатес ретінде қолданады. Жапонияда медузалардан кәмпит жасайды.
Олар космоста болды
Медузалар өзге ғаламшарлықтарға ұқсағанмен, олар Жер планетасында пайда болған. Бір қызығы, олар космоста болып көрген. NASA алғаш рет 1990 жылдардың басында медузаларды «Колумбия» ғарыштық кемесімен космосқа жібере бастаған. Олар медузалар өздерін салмақсыздық шартында қалай ұстайтынын көрігісі келген. Неліктен медузалар? Оның себебі адамдар да, медузалар да кальцийдің гравитациялық-сезімтал кристалдарына бейімделеді. Олар адамдардың ішкі құлағының ішінде және медузалардың басының төменгі шетінде орналасқан. Сондықтан медузалардың космоста өздерін қалай ұстауын зерттеу адамдар үшін қолайлы шарт жасауға көмектесті.