1 тамыз күні Рио-де-Жанейроде халықаралық математика конгерсі тағайындаған Филдс сыйлығын тапсыру рәсімі өткізілді. Сыйлықтың бірін ирандық математик, Кембридж университетінің профессоры Каучер Биркар алды. Арада шамамен жарты сағат өткенде оның алтын медалін, әмиянын, телефонымен қосып ұрлап кеткен. Журналисттердің мәлімдеуінше, Биркар марапаттау рәсімінен кейін медаль, телефон, әмиян салынған сөмкесін кеш өтіп жатқан павильон үстелі үстіне қойған. Біраз уақыттан соң Биркар сөмкесінің жоқ екенін байқап, күзетшілерге хабарлаған. Тез арада сөмке орындық астынан табылғанымен оның ішінде медаль жоқ болып шыққан. Полициялардың мәлімдеуіне қарағанда, бақылау камералары арқылы ұрының кім екені анықталған. Филдс сыйлығы әр 4 жылдаәлемнің 40 жастан асқан 4 математигіне таңдалып беріледі. Сыйлықпен бірге 14 каратты алтын медаль, 11,5 мың АҚШ доллары қоса тапсырылады.Математикадағы көрнекті жетістіктер үшінФилдс сыйлығын канадалық ғалым Джон Филдс құрды. Алғаш рет 1936 жылы тапсырылған. 14 карат алтыннан жасалғанФилдсмедалінің құны шамамен 4,1 мың долларды құрайды.Биыл бұл сыйлыққа АҚШ, Германия, Ұлыбритания математиктері лайық деп табылған.