- Негізгі бет
- Әлемтану
- Масалар қандай адамды...
Масалар қандай адамды көп шағады?
Фото:
dixinews.today
Аллерголог Ирина Ярцева сұхбатында масалар "құрбандарын" қалай таңдайтынын айтты. Оның айтуынша, жәндіктерді адам ағзасының тамырларындағы қанның қызуы өзіне тартады.
Көпшілік маса немесе шағатын жәндіктер адамды қан тобына байланысты таңдайды деп санайды.
Ярцеваның айтуынша, шын мәнінде жәндіктерді тамырдағы қанның қызуы өзіне тартады.
"Масалар жылуды сезеді немесе инфрақызыл сәулені көреді. Соның салдарынан толық адамдарды маса көп шақпайды, ал арық адамдарды жиі шағады. Бірақ масалар маусымы келіп, олар көбейгенде "құрбанын" таңдап жатпайды", - дейді ол.
Ол сонымен қатар алкогольдің қан тамырларын уақытша кеңейтетініне қарамастан, алкогольді тұтыну мен масаның шағуы арасында нақты байланыс жоқ екенін айтты.
А. Оралқызы