- Негізгі бет
- Әлемтану
- Марстан тұзды көлдер...
Марстан тұзды көлдер табылды
Италья ғалымдары Марстың оңтүстік полюсіндегі мұздықтардың астында тұзды көлдер жүйесі бар екенін анықтады. Бұл туралы Nature Astronomy хабарлады.
Ғалымдар мұндай қорытындыны 2010 жылдан 2019 жылға дейін Mars Express атты орбита зонды арқылы алынған мәліметтер негізінде жасады.
Зерттеушілердің айтуынша, жүйе төрт су қоймасынан тұрады, олардың ең үлкенінің көлемі – 30 шақырым. Көлдер бір жарым шақырым тереңдікте орналасқан.
Ғалымдар "сұйық судың болуы Марста микробтың тіршілік ету ықтималдығын арттырады. Бірақ мұны әлі де зерттеу керек" дейді.
Айта кетейік, осыған дейін ғалымдар Марста кейде мұздың еруінен судың болуы мүмкіндігін, бірақ ғаламшардағы төмен қысымға байланысты оның көп өтпей буланып жоқ болып кететінін мәлімдеген болатын. Кейін Марста шынында да су бар екені анықталды.
Т. Раушанұлы