Mars Reconnaissance Orbiter Марстағы аюдың тұмсығына қатты ұқсайтын тасты суретке түсіріп, оны Жерге жіберді. NASA мен Аризона университетінің мәліметінше, сурет 12 желтоқсанда түсірілген.
Пішін Марс қыртысындағы жарықтар арқылы жасалған. Ғалымдардың айтуынша, бұл бір кездері метеориттің соғуынан пайда болған кратер. Оның орталығындағы тау жыныстары жанартау атқылауының нәтижесі болуы мүмкін.
Айта кетейік, Mars Reconnaissance Orbiter 2005 жылы ұшырылды. Ол ең қуатты HiRISE камерасымен жабдықталған. Оның көмегімен Жерге Марстың көптеген фотосуреттері жіберілген.