Ресейлік және нидерландық ғалымдар ExoMars-TGO зонды арқылы Марстағы Маринер аңғарындағы ірі мұз шөгінділерін анықтады. Бұл туралы Еуропа ғарыш агенттігі жазды.
"TGO зонды Марстағы шаң мен топырақ астында бұрын анықталмаған су қорын тапты. Атап айтқанда, зондтағы FREND құрылғысы Маринер алқабының канондық жүйесінде бетінің 40% мұзбен жабылған аумақты анықтады", - делінген хабарламады.
Мұз табылған аумақ Ладога көлінен шамамен 2,5 есе үлкен.
Маринер алқабы – Қызыл планетаның оңтүстік жарты шарында орналасқан алып канондар жүйесі. Оның ұзындығы – 4,5 мың км, тереңдігі – 11 км.
FREND нейтрондық спектрометрі Марс топырағының астында су мен сутегінің басқа қосылыстарының іздерін анықтай алады.
"Марста судың үш түрі бар. Ылғалды құмдағы су – мұндай су бірнеше пайызды құрайды. Екіншісі – Марстағы жалпы судың 15 пайызын құрай алатын химиялық буланған су, гидратталған минералдар. Үшінші – таза мұз", - дейді ғалымдар.
Бұған дейін ғалымдар ерте заманда Қызыл ғаламшарда көлдер, өзендер, тіпті мұхит болғанын айтқан. Дегенмен, Марстағы су планетаның атмосферасының көп бөлігімен бірге 3,5 миллиард жыл бұрын жойылып кеткен.
Айта кетейк, бұған дейін Болонья Ұлттық астрофизика институтының ғалымдары Марста шынында су бар екенін дәлелдейтін мәліметтерді жариялады.
Зерттеушілер мұндай қорытындыға 2012 жылғы мамыр мен 2015 жылғы желтоқсан аралығындағы "Mars Express" орбиталық зондымен жасалынған оңтүстіктегі Марс массасының 29 радиолокациялық бейнесін талдағаннан кейін келіп отыр.
Ғаламшардың оңтүстік полюсіндегі -68 ° С температурадағы мұздың тереңдігі 1,5 шақырым. Дәл осы мұз астында зерттеушілер кішігірім көл бар деп отыр.