NASA ғарыш агенттігінің мамандары Curiosity марсоходынан алынған мәліметтерді зерттеп, Қызыл ғаламшардағы атмосферада үлкен көлемде метан газы бар екенін анықтады.
Ғалымдар марсоходтан қосымша мәліметтер келуін күтуде. Олар өз зерттеулерін дәлелдеу үшін тағы да тәжірибелер өткізбекші.
Ғалымдардың айтуынша ғаламшардағы метан газы жақында пайда болған, себебі Күн нұры мен химиялық реакциялар оны жойып жібереді. Зерттеушілер метан газы Марста миллиондаған жылдар бойы сақталып, енді кездейсоқ жарықтар арқылы сыртқа шығуы мүмкін дейді.
2013 жылы да Қызыл ғаламшарда метан газы бар екендігі анықталған еді. Бірақ осы аптада анықталған метан газы бұрынғысынан 3 есе көп.
Қызыл ғаламшардағы су қоры
Жалпы Жер шарындағы метан газын негізінен тірі жан-жануар, жәндіктер, адамдар бөліп шығарады.
Айта кетейік, наурыз соңында Curiosity Марстағы Гейл кратерінде тірі ағзалардың өмір сүруі үшін қажет болған азат бірікпесін тапқан болатын.