- Негізгі бет
- Әлемтану
- Маржандар туралы қызық...
Маржандар туралы қызық деректер
Інжу-маржан ғасырлар бойы әйелдердің мойынына көрік беріп келді. Оны Ніл патшайымы Клеопатра да таққан. Бүгін біз інжу-маржан туралы белгілі деректер, олардың тарихы мен символизмін жазатын боламыз.
Інжу-маржанның көптеген түрлері бар
Теңіз моллюскалары табиғи інжу-маржандардың жалғыз көзі емес. Інжу-маржанның кем дегенде тоғыз түрі бар, ең сирек кездесетіні – қара маржан. Ежелгі Қытайда айдаһардың басында қара маржандар бар деп есептелген.
Інжу-маржанның басқа да түрлері бар. Оларға мәдени (адамдар өсіретін), барокко (тұрақты емес), бива (тек Бива көлінде өсетін), көпіршіктер (олар қабықшаларда жабысып тұрады), тұщы судағы Мабе (мәдени інжу-маржандар) және моншақтар (Виктория дәуіріндегі шағын інжу-маржандар) жатады.
Әлемдегі ең танымал асыл тас
Білесіз бе, әлемде көгершін жұмыртқасындай болатын "Ла Перегрина" деген асыл тас бар. Испан тілінде інжу атауы "кезбе" дегенді білдіреді. Бұл асыл тас 1513 жылы табылғалы бері патшайымдардың мойнына сән беріп келеді. 2011 жылы асыл тас 11,8 млн долларға сатылған.
Ең көне маржан
Адамзатқа белгілі бірінші інжу парсы саркофагтарының бірінен табылған. "Ум-ал-Кувейн" деп аталатын бұл алқа б.з.д. 5500 жылдары пайдаланылған. Оның диаметрі 0,07 дюйм (25,5 мм). Бір қызығы, ескі тас табыт ашылғанда алқаға зақым келмеген.
Табиғи інжу-маржандар бір күнде өспейді
Інжу-маржандардың табиғи өсуі алты айдан жиырма төрт айға дейін созылады. Бұл процесс ұзаққа созылуы мүмкін: бәрі суға және ондағы моллюскаларға байланысты.
Алғашқы мәдени асыл тастар
ХІХ ғасырдың аяғында інжу-маржанға сұраныстың жоғары болғаны соншалық, олардың тапшылығы байқала бастады. Бұл мәселе 1900 жылы Тасухей Миз, Токичи Нишикава және Кичичи Микимото алғашқы інжу-маржандарды өсіре алған кезде шешілді. Бұл процесс жиырма жылдан астам уақытқа созылып, ақыры олардың тынымсыз еңбегі жеміс берді. Бүгінде нарықтағы інжу-маржанның 90 пайыздан астамы шаруа қожалықтарында өсіріледі.
Асыл тастың шынайылығын тексерудің көптеген жолдары бар
Технология мәдени асыл тастарды мінсіз етіп жасағаны сонша, кейде тіпті сарапшыларға оларды анықтау қиынға соғады. Дегенмен, інжу-маржандардың шынайылығын тексерудің бір оңай жолы бар. Оны тіске үйкеу керек. Егер беті біркелкі емес және кедір-бұдыр болса, інжу шынайы болып есептеледі.
Т. Раушанұлы