- Негізгі бет
- Әлемтану
- Махатма Гандидің көзілдірігі...
Махатма Гандидің көзілдірігі 340 мың долларға сатылды
Үндістанның танымал қайраткері Махатма Гандиге тиесілі алтын жалатылған көзілдірік Ұлыбританиядағы East Bristol Auctions аукцион үйінде 260 мың фунт стерлингке (340 000 доллар) сатылды.
Көзілдіріктің иесі оны Гандидің ағасынан сыйлыққа алып, сақтап қойған. Жылдар бойы оның бағасын білмеген және көзілдірік үшін үлкен сома аламын деп ойламаған. Ол жай көзілдірікті конвертке салып, аукцион үйінің пошта жәшігіне "Бұл көзілдірік Гандиге тиесілі, хабарласыңыз. Егер, ол құнсыз болса, қоқысқа тастауларыңызға болады" деп тастап кеткен.
Кейін бәссауда үйінің қызметкері оған хабарласып, көзілдірік құнды зат екенін айтқан.
©gujaratmitra.in
"Бұл тарихи көзілдірік аса қымбат тұратынын иесіне айттым. Оның бағасы, шамамен, 15 мың фунт стерлинг (20 мың доллар) тұратынын жеткіздім. Ол мұндай соманы естіп, таңданғанынан құлап қала жаздады", - дейді аукцион үйінің өкілі Эндрю Стоув.
Нәтижесінде көзілдірік бастапқы бағадан 17 есе қымбат сатылған.
Айта кетейік, Мохандас Карамчанд "Махаатма" Ганди 1869 жылы 2 қазанда Гуджаратта Порбандар князьдігінде, брахмандар отбасында дүниеге келген. Ол – Үндістан ұлт-азат қозғалысының қайраткері, "гандизмнің" негізін қалаушы.
Т. Раушанұлы