Италияның атақты композиторы Людовико Эйнауди "Арктикалық эллегия" атты туындысын ашық Арктика теңізінде орындады. Еріген мұздықтардың арасында арнайы жасалған кемеде фортепианомен отырған тұлғаның әнімен көрінісі адамды ғажап сезімге бөлейді. Бұл әрекетімен композитор табиғаттың тамаша мекендерін сақтап қалу керектігін меңзеген. Людовиконың саусақтары әрбір пернеге тиген сайын мұздықтардың да шытынап құлап жатқанын байқауға болады. Нағыз өнер адамдары жасаған таңғажайып дүниені тамашалаңыздар.