Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы (Солтүстік-Батыс Қытай) қазба орнынан үш мың жылдан астам уақыт бұрын жануар сүйектерінен жасалған коньки табылды. Бұл туралы "Синьхуа" агенттігі жазды.
Шыңжаң мәдени жәдігерлер және археология институтының ғылыми қызметкері, археологиялық топтың жетекшісі Руан Цюронгтың айтуынша, конькилер біздің дәуірімізге дейінгі ХV ХVІ ғасырларға жататын үлкен қорымнан табылған. Қазба жұмыстары 2019 жылы Іле-Қазақ ауданының Нілке уезінде басталған.
Археологтар конькилердің ірі қара мал мен жылқы сүйектерінен жасалғанын және олардың пішіні мен құрылымы Еуропадан табылғандармен дерлік бірдей екенін анықтады.
"Бұл жаңалық Еуразиядағы ерте аймақтық алмасулар үшін жаңа дәлелдер және Қытайдағы конькимен сырғанаудың пайда болуы туралы құнды түсінік береді", - дейді Руан Цюронг.
Сонымен қатар, қазба орнынан ондаған ағаш көлік бөлшектері, оның ішінде 11 тұтас ағаш дөңгелектер, сондай-ақ жүздеген қыш ыдыстардың сынықтары, тас құралдар, жануарлар сүйектері мен қола табылған.