Қытайдың Huawei компаниясы Дунгуань қаласының жанынан еуропалық қалалардың көшірмесін тұрғызып жатыр.
Әрине, 9 шаршы шақырым жерге Еуропаның барлық қалаларының көшірмесіне сыйдыра алмайтыны анық. Дегенмен, Huawei компаниясы 12 қаланың танымал ғимараттарын тұрғызған. Тіпті, трамвай желісіне дейін ойластырған.
Жаңа кампустың ондаған ғиматтарын 25 мыңға жуық жұмысшы көтерген. Бұл ерекше қалашықтың Париж (Франция), Верона (Италия), Гранада (Испания), Брюгге (Бельгия), Чески (Чехия) және тағы басқа қалаларға ұқсастығын байқауға болады.
Қолдан жасалған көлдің үстінен Венгрия астанасы Будапешттегі Еркіндік көпірінің көшірмесі салынған. Ал түрлі ғимаратта жұмыс істейтін қызметкерлер кампустың ішінде "Будапешт" трамвайымен қатынайды. Аспан асты елі әлемді таңғалдырудан жалықпайды.