Бейжіңде аумағы миллион шаршы метр болатын Дасин (Beijing Daxing) халықаралық әуежайының құрылысы аяқталды. Оның шатырына 25 футбол алаңын сыйдыруға болады екен.
Жоба авторларының бірі – Заха Хадид. Әуежай құрылысы 2016 жылы Хадид қайтыс болған соң басталды.
Жаңа әуежай Дасиннен 67 шақырым қашықтағы Шоуду әуежайындағы жүктемені азайту үшін Бейжіңнен 46 шақырым қашықта салынды.
Қаңқасы болаттан жасалған әуежай бір де бір құрылымдық тігіссіз салынған. Сәулетшілердің идеясы бойынша, Дасин Қытай мифологиясындағы құс, феникске ұқсас.
30 қыркүйекте толығымен іске кірісетін жаңа әуежай жыл сайын 600 мыңнан аса рейс пен 72 миллион жолаушыға қызмет көрсетуге дайын.
Әуежай ғимаратындағы терминалда ішкі және халықарадық рейстерге арналған төрт қабат бар.
Биылғы қаңтар айында сынақ ретінде әуежайға алғашқы ұшақ қонған болатын.