- Негізгі бет
- Әлемтану
- Қытай астрономдары ғарыштан...
Қытай астрономдары ғарыштан келген жұмбақ сигналдарды анықтады
Фото:
cadranpolitic.ro
Қытай астрономдары ғаламшарымыздан 3 миллиард жыл алыста орналасқан болуы мүмкін нысаннан таралып жатқан жылдам сигналды байқады.
Сигналдарды әлемдегі ең үлкен сфералық радио-телескоп, 500 метрлік диафрагмаға ие FAST анықтаған.
Бұл сигналдар бірнеше миллисекундқа созылатын радиимпульсті таратады. Ғалымдар сигналдардың жұмбағын әлі шешкен жоқ. Тамыздың аяғынан қыркүйек айына дейін телескоп осындай 100-ден астам радио сигналды қабылдаған. Қазір оларды арнайы мамандар зерттеп жатыр.
FAST телескопы. © tass.ru
FAST телескопы Қытайдың оңтүстігіндегі Гуйчжоу тауларында орналасқан. Оның аумағы 30 футбол алаңының аумағымен бірдей. Құрылысына 180 миллион доллар жұмсалған.
Т. Раушанұлы