Құтыб бағанасы – 1600 жыл тот баспаған темірдің сыры

Құтыб бағанасы – 1600 жыл тот баспаған темірдің сыры
Фото: proza

Металл ұзақ тұрса, уақыт өте келе тот басады. Егер қоршаған ауаның ылғалдылығы жоғары болса, бұл процес өте тез жүреді. Мұны металл коррозиясы деп атайды.

Металл коррозиясы – бұл темірдің ауа оттегісімен тотығуға ұшырайтын химиялық үрдісі. Яғни ауадағы оттегімен темір қышқылданады. Бұл үрдістің нәтижесінде сыртқы көрінісі металға мүлдем ұқсамайтын тот пайда болады.

Дегенмен, әлемде мың жылдан астам уақыт бойы тот баспай келген металл бағана бар.

Ол Үндістан жерінде орналасқан және аңыз бойынша адамдарға бақыт сыйлап, тілектерін орындайтын – Құтыб бағанасы. Ғалымдар көп жыл бойы бағананың тот тбаспайтынын түсіндіруге тырысты, бірақ әлі де нақты жауап бере алмайды.

Құтыб бағанасы – Үндістанның басты құпияларының бірі

Делидегі темір бағана

Кұтыб бағанасы Делидің Үндістан астанасында орналасқан. Ол 99 пайыз темірден жасалған және биіктігі 7,2 метр, салмағы – 6 тонна.

Делидегі темір бағана 415 жылы билеушісі ІІ Чандрагупта құрметіне жасалған. Бастапқыда ол Удаягири үңгірлерінің бірінде тұрды, бірақ кейін ол қазіргі орнына көшірілген.

Темірден жасалған бұл бағананың сыры – 1600 жылдан бері оны тот баспаған.

Құтыб бағанасындағы жазулар

 

Құтыб бағанасы туралы аңыздар

Жергілікті тұрғындар темір бағана қандай да бір сиқырмен қорғалған деп есептейді. Оған арқасын тигізген әрбір адам бақыт табады деген пікір бар. Тағы бір аңызда темір мұнараның кез келген тілекті орындауға қабілетті екендігі айтылады. Көптеген жыл бойы бұл колоннаға қажылар, содан кейін қарапайым туристер келді. Бұзақылықтың алдын алу үшін 1997 жылы жергілікті билік бағананың айналасына шағын қоршау орнатуды ұйғарды.

Құтыб бағанасы 1905 ж

Құтыб бағанасы коррозиядан соншалықты жақсы қорғалған деген гипотеза бар, өйткені оны жасаушылар қазір жойылып кеткен ерекше темір балқыту, соғу технологияларымен таныс болған. Кейбір деректерде бағананың метеориттен құйылғаны айтылады. Тағы бір аңыз бойынша, оны өзге планетадан келгендер жасаған.

Неліктен Құтыб бағанасын тот баспайды?

Құтыб бағанасының тұрақтылығын ғылыми тұрғыдан да түсіндіруге болады. Ең алдымен, оның бетінде тоттың болмауы қолайлы экологиялық жағдайлармен байланысты болуы мүмкін. Ғалымдардың айтуынша, Делидегі ылғалдылық сирек 70 пайызға жетеді. Сонымен қатар, темір баған жылуды жақсы сақтайды. Осы екі факторды ескеретін болсақ, бағана бетінің тұрақты құрғақтығынан тот пайда болмауы мүмкін екен.

Құтыб бағанасы «Кувват-ул-Ислам» мешітінің ауласында орналасқан

Сондай-ақ, Құтыб бағанасын коррозиядан оның бетінде пайда болған бөгде заттардың қабаты арқылы қорғауға болады. Адамдар мен жануарлардың көп жиналуына байланысты Делидегі ауада аммиак көп. Темірдің мұндай ауамен әрекеттесуінің нәтижесінде колоннаның беті табиғи түрде азотталған болуы мүмкін. Сонымен қатар, діни рәсімдер жиі үлкен бағананың жанында өткізіледі, осындай рәсім кезінде оған жиі хош иіс пен май жағылады.

Құтыб бағанасы 1875 ж

Тағы бір теория бойынша – ежелгі шеберлер рудадан темір алған кезде, оны ағашпен өртеген. Егер олар шай ағашын пайдаланса, темір фосфорға қаныққан болуы мүмкін, бұл уақыт өте келе бағананың бетінде тотқа қарсы зат пайда болуына әкеледі.

Тағы бір нұсқа бойынша – бағананың коррозияға төзімділігін оның радиация деңгейі жоғары аймақта жасалғандығына байланысты болуы мүмкін. Егер ол жасалғаннан кейін радиоактивті үңгірде жатса, темірдің жоғарғы қабаты коррозиядан қорғалған аморфқа айналады.

Т. Раушанұлы