Пандемия кезінде коронавирусқа қатысты жаңа сөздер әлеуметтік желілерде қолданыла бастады. Cолардың ішінен кең таралған бірнешеуін ұсынамыз.
Ковид, ковидті – деген сөз коронавирустың ресми атауы - COVID-19-дан шыққан және осы аурумен ауыратын науқасты атау үшін қолданылады. COVID-19 сөзін қалай жазуды білмейтіндер де бұл сөзді қолданады. "Ковид" сөзін пациенттерге қатысты қолданған кезде абай болған жөн, өйткені бұл сөз дөрекі естіледі.
Ковидиот – пандемияға аса мән бермейтіндерге арналған сөз. Бұл санаттағы адамдар өздігінен оқшаулау рәсімін сақтамай, жалған хабарламалар таратады. Олар коронавирусты саясат, адамдарға жасалған қастандық деп түсінеді.
Ковид-диссидент – ковидиоттың бір түрі. Олар үкімет пен фармацевтика компаниялары адамзатты улайды, вирус жұқтырғандар негізінде басқа аурумен ауырды деп санайды. Ковид-диссидент өкілі бұл ауру қолдан жасалғанына, әсіресе, Билл Гейтс тапсырысымен адамдар санын азайту үшін ойлап табылғанына кәміл сенеді.
Коронасептик – бұлар ковид-десиденттер сияқты болмаса да коронавирус туралы барлық ақпаратқа сенбейді. Олардың айтуынша, проблема ауқымы кеңейсе, одан да қатаң шаралар қабылданбауы керек. Өзін-өзі оқшаулау міндетті шара емес, оны әркім өзі шешуі керек.
Коронаэнтузиаст – скептиктер мен диссиденттерге қарсы топ. Олар медициналық масканы үнемі тағып, карантин шараларын қатаң сақтауға шақырады.
AliExpress, банан және алкоголь: Коронавирус туралы кең таралған фейк жаңалықтар
Коронафейк – бұл коронавирус туралы әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде дүрбелең тудыратын жалған және негізсіз хабарламалар. Оған Билл Гейтс пен 5G туралы жалған ақпараттар, үкіметтің дезинфекциялау құралы ретінде адамдарды газбен уландыруы туралы жалған қауесеттер және тағы басқалар кіреді.
Карантикул – наурызда бәріміз демалысқа, карантинге немесе оқшаулануға кеттік. Не болып жатқанын ешкім түсінбеді. Карантин кезінде "карантин" және "каникул" сөздерінің бірігуінен "карантикул" сөзі пайда болды.
Коронавирус кесірінен Гонконгта дәретхана қағазы жетіспей жатыр
Коронапика – адамдардың пандемияға реакциясы. Азық-түлік дүкендеріндегі тамақ тапшылығы, жалған жаңалықтардың таралуы, жалған болжамдар дүрбелеңінің нәтижесі.
Zoomдасу – карантин кезінде танымал болған Zoom видео коммуникациялық платформасында жиналыс өткізу, достарыңмен байланысу.
Ковидарность – карантин кезінде көптеген адам ақшасыз қалды. Азық-түлікке ақша таба алмағандар да болды. Мұқтаждардың қажеттілігін жеңілдету үшін еріктілер қарттарға тамақ алып келді, қайырымдылық акциялар өткізілді, мейрамхана желілері дәрігерлерге тегін тамақ берді. Адамдар бір-біріне жанашырлық білдірді. Бұл әрекет "ковидарность" деп аталды.
Коронавирус: жарқанаттар не себепті қауіпті вирустар тасиды?
COVID-19 – қазіргі коронавирустың ресми атауы.
COVID-19 сөзі қалай пайда болды?
Коронавирустың жаңа түрі алғаш рет 11 миллион халқы бар Қытайдың Ухань қаласында тарала бастағандықтан, ауруды бастапқыда жай "коронавирус" немесе "Ухань коронавирусы", "Ухань пневмониясы" және "Қытай коронавирусы" деп атады.
Тарихта ауру пайда болған жердің атымен аталатын жағдайлар көп. Оған "Испан тұмауы", "Таяу Шығыс респиратор синдромы" (MERS-CoV), "Зика вирусы" дәлел бола алады.
Бірақ бұл атау жергілікті тұрғындарды қорлау мәнінде қолданылатын болғандықтан 2015 жылы ДДСҰ-мы ауру мен вирустың шыққан жері бойынша атамауға шешім қабылдады.
2020 жылдың қаңтарында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы "2019-nCov" терминін жаңа коронавирустың уақытша атауы ретінде енгізді.
11 ақпанда ДДСҰ жаңа ауру мен вирустың ресми атауын бекітті: ол ауру COVID-19, ал инфекция SARS-CoV-2 деп аталды.
ДДСҰ-ның бас директоры Тедрос Гебрейесус COVID сөзі СО – корона, VI – вирус және D – ауру (ағылшынша "disease") дегенді білдіретіндігін айтты. Вирус алғаш рет анықталған жыл 2019 жылы болғандықтан оған 19 саны да берілді.
Вирус атауындағы SARS сөзі – 2003 жылы Азияда таралған тағы бір коронавирус – жіті респираторлық синдромды (Ауыр жедел респираторлық синдром) білдіреді. SARS-CoV-2 17 жыл бұрын анықталған коронавирусқа қатты ұқсайды.