Кометаның кейінгі жеті жылдағы ең жарқын фотосуреті

Кометаның кейінгі жеті жылдағы ең жарқын фотосуреті
Фото: roscosmos.ru

Ресейлік ғарышкер Иван Вагнер Халықаралық ғарыш станциясының бортынан кейінгі жеті жылдағы ең жарқын кометаны суретке түсірді.

"C/2020 F3 (NEOWISE) деп аталатын кометаны суретке түсірудің сәті түсті. ХҒС бортынан оның құйрығы анық көрініп тұр", - деп жазды Иван Вагнер әлеуметтік желіде.

Ғарышкер ХҒС-қа 2020 жылдың сәуірінде барған. Қазір онда америкалық ғарышкерлер Дуглас Херли мен Роберт Бенкен жұмыс істеп жатыр.

C/2020 F3 (NEOWISE) кометасы инфрақызыл WISE телескобы арқылы 2020 жылдың 27 наурызында ашылған. Егер комета шашылып қалмаса, шілдеде оны Жерден тамашалауға болады.

 
Massaget.kz