- Негізгі бет
- Әлемтану
- Климаттың өзгеруіне не...
Климаттың өзгеруіне не себеп болғаны бейнеленген ежелгі суреттер табылды
Шамамен б.з.д 10 730 жылдары соңғы дриас дәуірі басталды, яғни, мұздықтардың соңғы дәуірі. Климаттың жылынуына нақты не себеп болғанын ешкім дөп басып айта алмайды. Бірақ ғалымдар бірнеше болжамдарды дәлел етіп көрсеткен. Соның бірі – Жер шарына алып кометаның құлауы.
Алып кометаның құлауына пайда болған 31 шақырымдық кратер Гренландия мұздығынан табылған. Ал бұл туралы ақпаратты Түркияда табылған ежелгі ғибадатхана қабырғаларындағы суреттер растайды.
Бұл суреттер Гёбекли-Тепеде орналасқан (Көбекті төбе) ғибадатханадан табылған. Түркиялық БАҚ өкілдері аталған ғибадатхана адамзаттың алғашқы мінәжат ететін орны екенін, ол Англиядағы атақты Стоунхендж тастарынан да бұрын салынғанын жазып жатыр. Аталған ғимарат ғибадатхананың қызметін атқарудан басқа, түнгі аспанды бақылау үшін көне обсерватория қызметін де атқарған. Себебі ғалымдар бағанада сызылған көптеген жануарлар суретінің орналасқан жері аспандағы жұлдыздарға сәйкес келетінін анықтаған.
Гренландиядан табылған кратер. ©mag-m.com
Ежелгі сәулет өнері бассыз адамды бейнелеген. Және кометаның құлауынан кейінгі Жер шарындағы адамдардың қайғы-қасіретін, күйінішін де баяндаған. Кейбір суреттер жараланғандарды бейнелеген. Кометаның әсері ғасырларға созылған болуы мүмкін.
Апаттан кейінгі климаттың өзгеруі ежелгі адамдарға әсер еткендігі соншалық – олар шаруашылықты, ауа-райы қаншалықты өзгерсе де тірі қалудыдың тәсілдерін үйрене бастаған.
Ғалымдар өздері жасаған болжамға сенімді болып отыр. Себебі ежелгі суреттегі оқиғаларды компьютерлі модельдеуден өткізген. Модельдеу нәтижесінде ғалымдар, сол уақытта комета шынымен де құлағанын, комета орны мен Түркиядағы ғибадатханадан табылған суреттердің жасы бірдей екенін анықтаған.
Т. Раушанұлы