Кимоноға бейнеленген елдер

Олимпиада қарсаңында Курума қаласындағы "Butterfly House" кимоно дүкенінің иесі Кейо Такакура 2014 жылы "KIMONO PROJECT" жобасын ұсынған болатын. Ол әлемнің 196 мемлекетінің бейнесін көрсете отырып, оны жапон дәстүрімен байланыстыруды ойға алды. Бұл жобаға 130-дан астам кимоно шеберлері атсалысқан. Әр мемлекетке сәйкес жасалған кимано сол мемлекеттің ою-өрнегін, түсі мен мәдениетінен хабар береді. Кимонолар 2018 жылы дайын болды.

Оңтүстік Африка

Оңтүстік Африка тақырыбындағы киманода елдің ұлттық гүлі саналатын патша гүлі бейнеленген. 

АҚШ

Кимоно дизайнында әр штаттың өз түсін қолданады. Сонымен қатар америкалық футбол, бейсбол, бүркіт, Голливуд пен Азаттық мүсіні де бейнеленген. 

Ұлыбритания

Сән тақырыбы - британ ішкі саябағы мен туы. Киманодағы негізгі элементтер - Темза, түнгі Лондон, Шекспирдің "Гамлет"шығармасы."Ғажайыптар әлеміндегі Алиса" шығармасының кейіпкері Алиса да бар. 

Үндістан

Үндістанның символы саналатын піл, лотос, Тадж-Махалды кимоно дизайынан байқай аласыз.

Грузия

Грузия тақырыбындағы кимонодан жүзім, Кавказ таулары мен түнгі аспандағы жарқыраған ай бейнеленген.

Ресей

Эрмитаж, Аққулы көл, ғарыш кемелері арқылы Ресейді әлемнің мәдени, өнер және технологиялық державасы ретінде көрсетеді.

Қазақстан

Айлы түнде асыр салған жылқылар Қазақстан даласының кеңдігінен хабар береді. 

Өзбекстан

Табиғат пен ғылымдардың астасуын Өзбекстан атты кимоно дизайнында көрсетеді.