- Негізгі бет
- Әлемтану
- Кептелісі ең көп...
Кептелісі ең көп қалалар тізімі жарияланды
Inrix компаниясы 2018 жылдың қорытындысы бойынша кептелісі ең тығыз қалалар тізімін жариялады.
Жолдардағы кептілістер бойынша көш бастаған – Ресейдің Мәскеу қаласы. Сарапшылардың айтуынша, мәскеулік жүргізушілер бір жыл ішінде кептелістің кесірінен 210 сағатын жоғалтады.
Биыл Inrix сарапшылары рейтингтің әдіснамасын өзгерткен. Жаңа тәсіл бойынша жүргізушілердің жоғалтқан уақыты мен қозғалыс қарқындылығына басымдық берілген. Бұрынғы әдіс бойынша Мәскеу 2017 жылы екінші орынды иеленген болатын. 2018 жылғы "күміс" Түркияның Ыстамбұл қаласына бұйырған. Кейінгі орындарды Богота, Мехико, Сан-Паулу, Лондон, Рио-де-Жанейро, Бостон, Санкт-Петербург және Рим қалалары иеленген. 2017 жылғы рейтингтің жетекшісі болған Лос-Анжелес бұл жолы 25-тікке де енбеген.
Сарапшылардың айтуынша, кептеліс салдарынан қала экономикасы айтарлықтай зиян шегеді: жұмысшылардың еңбек өнімділігі төмендейді, тауарлардың дүкенге жеткізілуі кешігеді, көлік жанармайды көп жұмсайды.
Inrix-тің мәліметінше, кептеліс салдарынан 2018 жылы АҚШ қалалары: Нью-Йорк 9,5 млрд доллар, Лос-Анжелес 9,3 млрд доллар, Ұлыбритания астанасы Лондон 4,9 млрд фунт стерлинг, Германия астанасы Берлин 1,7 млрд еуро зиян шеккен.
Т. Раушанұлы