Қазақстан дұрыс тамақтанбайтын 10 елдің қатарында

Қазақстан дұрыс тамақтанбайтын 10 елдің қатарында
Фото: mcykt.ru

Йенадағы Фридрих Шиллер университетінің ғалымдары дұрыс тамақтанбау салдарынан болатын өлім-жітімі көп елдердің рейтингін жария етті. Бұл туралы Daily Mail жазды.

Басылымның хабарлауынша, ғалымдар әлем елдерінде 1990-2016 жылдар аралығында зерттеу жүргізген. Зерттеудің нәтижесінде “ТМД елдерінің халқы денсаулыққа қауіп төндіретін тамақ жейді” деген қорытынды жасалып отыр.

“Қауіпті тағам” тұтынатын елдердің алғашқы ондығын ғалымдар былайша түзген:

1. Өзбекстан (дұрыс тамақтанбау салдарынан 100 мың адамға шаққанда 394 адам қайтыс болған);
2. Түрікменстан (дұрыс тамақтанбау салдарынан 376 кісі өлімі тіркелген);
3. Қырғызстан (350 кісі өлімі);
4. Украина (349 өлім);
5. Молдова (328 өлім);
6. Әзірбайжан (319 өлім);
7. Беларусь (313 өлім);
8. Тәжікстан (310 өлім);
9. Қазақстан (306 өлім);
10. Ресей (291 өлім).

Осы көрсеткіш бойынша халқы сапалы, пайдалы тамақ тұтынатын елдердің үздік ондығы да жасалған.
1. Испания (43 өлім);
2. Израиль (43 өлім);
3. Франция (46);
4. Нидерланды (52);
5. Андорра (54);
6. Дания (55);
7. Бельгия (59);
8. Швейцария (60);
9. Норвегия (61);
10. Италия (61).

Дереккөз: baribar.kz

Т. Есқали