- Негізгі бет
- Әлемтану
- Қай брендтің өнімі...
Қай брендтің өнімі қоқыста көп кездеседі?
Фото:
breakfreefromplastic.org
Break Free From Plastic қозғалысы 2019 жылы бүкіл планетаны пластикпен ластаған брендтердің рейтингін жасады. Рейтинг басында Coca-Cola, Nestlé, PepsiCo орналасқан.
Қозғалыс былтыр әлемнің 51 елінде 72 541 волонтерды жұмылдырып, 8 мыңнан аса брендтің өнімдерін қоқыстан жинаған. Қоқыста полиэтилен пакеттер, пластик бөтелкелер мен қаптамалар жиі кездескен екен.
Coca-Cola осымен екінші жыл пластик қалдықтары көп бренд атанып отыр. Аудит кезінде 4 құрлықтағы 37 елде Coca-Cola-ның 11 732 пластик қалдығы анықталды. Бұл екінші орындағы Nestlé мен үшінші орындағы PepsiCo-ның қалдығын қоса есептегеннен де көп. Рейтинг ондығына Mondelez, Unilever, Mars, Procter&Gamble, Colgate-Palmolive, Philip Morris International, Perfetti Van Melle брендтері енген.
Massaget.kz