Қатерлі ісікке шалдыққан Пол Александр алты жасынан темір камерада өмір сүреді. Камера оның өмірін сақтайды, себебі бұл оның "темір өкпесі". Александр қазір 77 жаста және мұндай камерада өмір сүретін әлемдегі жалғыз адам.
Қорқынышты аурудың басталуы
1952 жылы кішкентай Пол ауырып қалады. Қызуы көтеріліп, беті бозарып кетеді. Дәрігер оған полиомиелит деген диагноз қояды.
Полиомиелит денеге еніп, дене қызуын және бұлшықет ауырсынуын тудыратын вирустан туындайды. Содан кейін вирус жүйке жүйесіне еніп, сал ауруын тудырады.
Бала камерада оянды
Диагноз қойған дәрігер "ауруханада ауру балалар көп, Подың жағдайы онша ауыр емес, инфекция жұлынға жетпей тез кетеді" деп ол жаққа бармауға кеңес берді. Бірақ дәрігер қателескен еді. Келесі күні кішкентай Пол бұлшық еттерінің ауырсынуынан айқайлап, тұншығып қалады. Баланың дәрменсіздігі сонша, тіпті сөйлей алмайды.
Пол ауруханадағы темір капсуладағы бөлмеде оянады, қасындағы балалардың барлығы полиомиелитпен ауыратын және олар да Пол сияқты өздігінен тыныс ала алмайтын. Осы сәттен бастап Полдың "темір өкпеге тәуелділігі басталады.
Бұл камера қалай жұмыс істейді?
Ауа камерадан механикалық түрде сорылады, ішіндегі вакуум пайда болған қысымның нәтижесінде адамның өкпесі кеңейіп, тыныс алады.
Пол жуыну немесе ваннаға бару үшін демін ұстауға мәжбүр болады. Осылайша ол ауруханада 18 ай тұрады. Алғашында әлсірегендіктен өзгелермен де араласпайтын.
Полдың қасындағы балалар көп өтпей аурудан қайтыс бола бастайды, Полдың достары солайша жаңарып отырады.
Өмір сүруге деген ұмтылыс
Пол арнайы "бақа тынысы" деген тыныс алу техникасын меңгерді. Бұл әдіс камерадан тыс бір-екі сағатты өткізуге мүмкіндік беретін. Қалған ғұмыры "темір өкпеге" байланып, есін жиған күннен бастап 70 жыл бойы камерадан шықпаған.
Соған қарамастан, Пол мектепті бітіріп, университетке түсіп, тіпті отбасын құра алды. 30 жасында заңгер атанып, сот отырыстарына жиі қатысатын. Қазылар алқасының алдында сөз сөйлеуге ыңғайлы болу үшін оның темір өкпесіне арнайы тік бағана жасалған.
Оның жағдайы соңғы бірнеше жылда нашарлады, қазір тыныс алу жолдарының аурулары мен жасына байланысты камерасынан мүлдем шыға алмайды.
2020 жылы Пол "темір өкпесі" бар жалғыз тірі адам атанды. Осы жылы өмірі туралы кітап жазуды бастады.
2022 жылы Пол Александр "темір өкпенің" арқасында ең ұзақ өмір сүрген адам ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді – ол құрылғыны 70 жыл бойы пайдаланып келеді.
Барлық қиындықтарға қарамастан, Александр толыққанды өмір сүре алды және әлі де өмір сүргісі келеді.