- Негізгі бет
- Әлемтану
- Қарапайым адамнан құрылған...
Қарапайым адамнан құрылған экипаж тобы алғаш рет ғарышқа ұшады
Әлемде тұңғыш рет АҚШ-тың SpaceX компаниясы Inspiration 4 ғарыш миссиясы аясында қарапайым адамдардан тұратын экипаж мүшелерін ғарышқа ұшырады.
30 наурызда компанияның Crew Dragon ғарыш кемесі орбитаға ұшатын экипаж мүшелерінің толық тізімін жариялады. Ерекшелігі, бұл экипаж мүшелерінің арасында кәсіби ғарышкер жоқ.
Кеме капитаны болып кәсіпкер Джаред Исаакман тағыйындалды. Онымен бірге 29 жастағы Хейли Арсено, 51 жастағы кәсіпкер әйел Сиан Проктор және Lockheed Martin компаниясының өкілі, бұрынғы әскери ұшқыш, 41 жастағы Кристофер Семброски болады.
Болашақ миссия кезінде Арсено борт дәрігері, Проктор кеме ұшқышы, Семброски борт инженері болып жұмыс істейді.
Джаред Исаакман, 38 жаста, Shift4 төлемдерінің негізін қалаушы және әуесқой ұшқыш. Ол миссияның құнын толығымен өзі төлейді. Ғарышқа ұшуға қанша төлейтінін айтпаған.
Исаакман ғарышқа ұшуды АҚШ-тың Мемфис қаласындағы Джуд балалар ғылыми-зерттеу ауруханасына 200 миллион доллар жинау үшін пайдаланады. Ақпан айында жарияланған қайырымдылық шеңберінде ауруханаға ең көп ақша аударған адам экипаж мүшесі бола алатыны хабарланды. Ол осы уақытқа дейін 113 миллион доллар жинаған.
Джаред Исаакманның жеке капиталы – 2,5 миллиард доллар
Исаакман жинаймын деп болжаған қайырымдылық қаржысы ғарышқа ұшу құнынан әлдеқайда көп болатынын айтты.
Толықтай қарапайым адамдар құрамынан тұратын Crew Dragon экипажының алғашқы коммерциялық рейсі 2021 жылдың 15 қыркүйегіне жоспарланған.
Экипаждың барлық мүшелері ұшуға дейін SpaceX-те мұқият жаттығудан өтуі керек.
Ғарыш кемесі Falcon 9 зымыранмен орбитаға шығарылады. Миссия 540 км биіктікте 3 күнге созылады. Содан кейін экипаж мінген кеме Флорида жағалауындағы айлаққа қонады.
"Бұл әр адам үшін ғаламды ашатын маңызды уақыт", - дейді SpaceX басшысы Илон Маск.
Т. Раушанұлы