- Негізгі бет
- Әлемтану
- Қар қалың жауатын...
Қар қалың жауатын 10 қала
Туристер шаңғымен немесе сноубордпен сырғанайды. Әлемде қарлы қалалар атауымен танылған бірнеше қала бар. Бұл жерлерге жыл сайын бірнеше метр қар жауады. Бұл тізімнің көшін бастап тұрған жапонның Аомори қаласы.
© pikabu.ru
10 орын – Буффало, АҚШ
Орта есеппен қардың қалыңдығы жылына 2,73 метрді құраса, рекордтық көрсеткіш 2014 жылы тіркеліп, 3,09 метрге жеткен. Қала өзінің тағамдарымен, таңғажайып Art Deco архитектурасымен танымал.
© goodfon
9 орын – Рочестер, АҚШ
Рекорд 1960 жылы тіркеліп, 4,11 метрді құрады, ал қаладағы орташа көрсеткіш жылына шамамен 2,53 метр. Ал қаланың өзі гүлдер мен ұн қаласы ретінде белгілі.
© Pixta
8 орын – Акита, Жапония
Акитадағы қардың биіктігі жылына – 2,72 метр. Қалада жылдың 66% күндері жаңбыр немесе қар жауады. Қаланың өзі самурай ауылдары мен термальды бұлақтармен әлемге танымал.
© sepaq.com
7 орын – Сагеней, Канада
– Сагенейда жылына орта есеппен 3,12 метр қар жауады. Бұл қаланы ең жас қалалардың бірі деп атауға болады, өйткені ол тек 2002 жылы құрылған.
© getyourguide.ru
6 орын – Сиракуз, АҚШ
Қар рекорды 1993 жылы тіркелген – 4,88 метр, ал орташа биік жылына 2,97 метрді құрайды. Қала орта білім беретін оқу орындарымен және университетімен танымал.
© canadaguidetour.com
5 орын – Квебек, Канада
Қардың орташа биіктігі жылына – 3,03 метр. Рекорд 2005 жылы 5 метр қар жауғанда тіркелген. Қала екі тілділігімен танымал, өйткені халықтың көпшілігі француз тілін ұнатады.
© The Canadian Press/PA Images/ТАСС
4 орын – Сент-Джонс, Канада
Орта есеппен жылына қардың биіктігі 3,35 метрді құрайды, ал рекорд 2001 жылы болған және биіктігі 5,98 метрге жеткен. Қала өзінің көрнекті тұрғыны, радио өнертапқышы Гуглельмо Марконимен танымал, ол қаладағы мұхит лайнерінен алғашқы сымсыз сигналды қабылдаған.
© nippon.com
3 орын – Тояма, Жапония
Тоямада қар жылына орта есеппен 3,63 метр жауады. Жапонияның осы аймағы қардың биіктігімен өзіне қызықтырады. Қала өзінің табиғи сұлулығымен және туристерді теңізге апаратын дәстүрлі жапон мәдениетімен танымал қоршаған аудандарымен танымал.
© travelcalendar.ru
2 орын – Саппоро, Жапония
Қардың орташа биіктігі жылына 5,97 метрді құрайды, ал рекордтық көрсеткіш 1996 жылы 6,80 метрмен тіркелген. Қала жыл сайын қар мен сыра фестивалін өткізуімен танымал.
© knowhow.pp.ua
1 орын – Аомори, Жапония
Аомориді қар қаласы деп те атайды. Қардың орташа биіктігі жылына 6,69 метрге жетеді. Рекорд 1986 жылы тіркелген. Ол кезде 12,63 метр қар жауған. Қала алма сусындарын, саке және жаңа піскен теңіз өнімдерін өндірумен танымал.
Т. Раушанұлы