- Негізгі бет
- Әлемтану
- Калашников автоматы, трискелион,...
Калашников автоматы, трискелион, Антарктида. Туы ерекше елдер
Ту тайпа соғыстарынан бері маңызды рөл атқарып келеді. Олар ниет пен мақсатты білдірудің немесе ескертудің символы саналады. Ту тек символ ғана емес, нағыз идеология. Әрине, кейінгі ғасырларда ту функциясы өзегін біраз жоғалтқан сияқты, бірақ әлем елдері туының арасында ерекшеленіп тұратын тулар да бар. Назарыңызға адамзат тарихындағы ең ерекше туларды бөлісеміз.
Сицилия
Сицилия туы алғаш рет 1282 жылы Палермодағы Сицилия оқиғасынан кейін бекітілді. Тудың ортасында трескелионның суреті (үш аяқ), медуза горгонының басы, үш жылан (немесе бидай) бейнеленген. Үш аяқ Сицилияның үш нүктесін білдіреді. Трискелионның тағы бір атауы – Тринакрия (грекше trinacrios сөзінен шыққан, үшбұрыш деген мағынаны білдіреді), ежелгі уақытта аралға гректер берген алғашқы атау (аралды жаулап алғандар оның пішініне байланысты осындай атау берген). Тудың түсі – Палермо мен Корлеоне қалаларының символы.
Гавайи
Гавайи ешқашан Британ империясының құрамына кірмеген болса да, архипелагта әлі күнге дейін отарлық түстер бейнеленген жалауша бар. Бұл кездейсоқ болған. Сол кезде Гавайиді жергілікті монарх Камамекс басқарды. Оған Юнион Джектің әсер еткені сонша – өзінің аралдағы мемлекетінің ресми туын сол бағытта қабылдады.
Мэн аралы
Әлемдік картадағы тағы бір трискелион, әлемдегі ең ежелгі жалаулардың бірі – Мэн аралының туы. Соңғы өзгеріс ХІІІ ғасырдың екінші жартысында тіркелді, бірақ 1971 жылдың 27 тамызында ғана ресми түрде қабылданған.
Камбоджа
Бұл ту – 1942-1945 жылдар жапон оккупациясы кезіндегі Камбоджаның туы. Тудың айқын милитаристік және саяси мәні бар.
Заир
Демонстрациялық-революциялық негіз Заир туында көрінеді. Заир – ХХ ғасырда бостандық үшін күрескен ел.
Непал
Классикалық төртбұрыш формасы жоқ жалғыз мемлекеттік ту.
Антарктида
Антарктидада мемлекеттік мәртебеге ие болмаса да, оның өз жалауы бар, бұл оның бейтарап территория екенін көрсетеді.
Мозамбик
Әлемде қаруды әскери және ауылшаруашылықтың символы ретінде өз туына бейнелеген жалғыз ел – Мозамбик. Калашников автоматы мен кетпен Африка мемлекеттерінің ішкі жағдайынан хабар береді. Себебі Африка елдерінде азамат соғысы ондаған жыл бойы тоқтаған жоқ және қақтығыстар осы күнге дейін жалғасып келе жатыр.
Т. Раушанұлы