- Негізгі бет
- Әлемтану
- Жылдың үздік суреті...
Жылдың үздік суреті жарияланды
Фотосуретші Джон Мурдың АҚШ пен Мексика шекарасында түсірген "жылап тұрған гондурас қызы" суреті World Press Photo байқауында жеңіске жетті.
Суретте қыздың анасы Сандра Санчесті шекарашы тексеріп жатқанда, жылап тұрған кішкентай қыз – Янела бейнеленген. Әйел қызымен бірге АҚШ-тан баспана алу үшін Орталық Америка, Мексика арқылы 1 ай сапарлаған.
Хабарламадан кейін АҚШ-тың Кеден және шекара қызметі ана мен бала мыңдаған босқындар арасында болмағанын айтты.
World Press Photo фотожурналистика саласындағы беделді, ірі сыйлық. 2019 жылы конкурсқа 4738 фотожурналист қатысып, 78801 фотосуретін ұсынған.
Айта кетейік, Джон Мур осы уақытқа дейін 6 құрлықта, 65 мемлекетте болып, ол жердің тыныс тіршілігін суретке түсіріп үлгерген. 2008 жылдан бастап оның басты тақырыбы – иммигранттар. 2005 жылы Пулитцер сыйлығын алған және т.б көптеген сыйлықтардың иегері.
Т. Раушанұлы