- Негізгі бет
- Әлемтану
- Жолбарыстан коронавирус анықталды...
Жолбарыстан коронавирус анықталды
Бронкс (Нью-Йорк) хайуанаттар бағында малай жолбарысы COVID-19 коронавирусын жұқтырғаны белгілі болған. Бұл туралы қоршаған ортаны қорғау ұйымы (WCS) хабарлады.
АҚШ ауыл шаруашылығы министрінің хабарлауынша, бұл үй жануарынан басқа тіршілік иесінен табылған және жануарлар арасында құрама штатта тіркелген алғашқы жағдай.
Одан бөлек, короновирусты хайуанаттар бағындағы басқа да жануарлар жұқтыруы мүмкін. Өйткені, тағы бір малай жолбарысы, екі амур жолбарысы мен үш арыстаннан аурудың алғашқы белгілері байқалған. Олар құрғақ жөтеліп, тәбеттері төмендеген.
Хайуанаттар бағындағы жануарлар аталған вирусты сол жерде жұмыс істейтін адамнан жұқтыруы мүмкін деген болжам бар. 16 наурыздан бастап Нью-Йорктегі барлық хайуанаттар бағы жұмысын уақытша тоқтатқан болатын.
Осы уақытқа дейін жануарлар арасында иттерден ғана коронавирус табылған еді. Дегенмен ғалымдар жануарлар арқылы адамға жұғады деген болжамды жоққа шығарды.
Т. Есқали