Жерге тоңазытқыш көлеміндей астероид жақындап келеді. Ол 2 қарашада Жер жанынан ұшып өтеді. Бұл туралы америкалық астрофизик Нил Деграс Тайсон Instagram-парақшасында мәлімдеді.
"Тоңазытқыш көлеміндей 2018VP1 астероиды бізге сағатына 25000 миль (40.000 км) жылдамдықпен жақындап келе жатыр. Ол АҚШ президенті сайлауына бір күн қалғанда яғни 2 қарашада Жермен соқтығысуы мүмкін" - дейді астрофизик.
Тайсон мұндай көлемдегі астероид көп зиян келтірмейтінін атап өтті.
"Егер ақырзаман 2020 жылы болса, ол бұл ғарыш апатынан болмайды", - дейді ол.
Тамыз айында NASA астероид 2018 VP1 Жерге ең аз қашықта 2 қарашада жақындайтынын хабарлаған. NASA мәліметі бойынша, аспан денесі біздің планетамыздан 384 мың шақырым қашықта ұшып өтеді. Астероидтың Жер атмосферасына ену ықтималдығы – 0,41 пайыз.
Астероид 2018 жылдың 3 қарашасында анықталған болатын. Ол қозғалыс бағыты Жер орбитасын кесіп өтетін "Аполлон" астероидтар тобына жатады.