Жерге Хеопс пирамидасының көлемінен де үлкен астероид жақындайды

14 мамырда  Жерге Хеопс пирамидасының көлемінен де үлкен астероид жақындайды.

NASA мәліметінше, 2015 KJ19 астероидінің ұзындығы 88-ден 200 метрге жетеді, ал Хеопс пирамидасының биіктігі 147 метр. Бұл астероид Жерге Нұр-Сұлтан уақытымен 16.04-те минималды түрде жақындайды.

"Астероид пен планетамыздың арақашықтығы Жер мен Айға қарағанда 15 есе ұзақ. Сондықтан планетамыз тұрғындары ешқандай қауіптен алаңдамаса да болады", - делінген америкалық агенттік бөлімшелерінің сайтында.

Күннің айналасында астероидтың айналу кезеңі 1094 Жер тәулігінен асады.

Бұған дейін тағы бір алып астероид 2021 жылы 21 наурызда Жердің жанынан өтеді деп хабарланған болатын. NASA-ның айтуынша, ол ешқандай қауіп төндірмеген. Біздің планетамен соқтығысу ықтималдығы нөлге тең болған. Астроидтың диаметрі 1,7 километр, секундына 34 шақырым жылдамдықпен қозғалған.

Еске сала кетейік, 2021 жылы сәуірде Американың Флорида штатындағы Вест Палм-Бич қаласында бейнебақылау камералары метеорит құлағанын түсірді. Астрономдардың пайымдауынша, бұл автомобильден кішірек – шамамен төрт метр болған аспан денесі Жерге қауіп төндірмеген.