Аустралия ұлттық университетінің геофизигі Джоанн Стивенсон әріптестері мен бірігіп Жердің өзегінде белгісіз құрылымдық ерекшеліктерді анықтады.
Ғалымдар Жердің өзегі біртекті емес екенін және кіші көлемдегі тағы бір "ішкі" ядроны бар екенін анықтады.
"Бұл өте қызықты, болашақта біздің теориямыз дәлелденсе тарихты қайта жазу керек болады", - дейді ғалымдар.
Дәстүрлі болжам бойынша Жер 4 негізгі қабаттардан тұрады. Олар: Жер қыртысы, мантия, сыртқы және ішкі ядро.
Алайда, Жер қыртысының астындағы қабаттар туралы білім жанартаулар мен сейсмикалық толқындар туралы білімге негізделген.
Аустралиялық геофизиктер ондаған жылдар бойына сейсмикалық толқындардың Жер арқылы қалай өтетіндігі туралы мәліметтерді салыстыру үшін арнайы алгоритмді түзген.
Зерттеу барысында ішкі ядроның тереңдігінде айтарлықтай өзгерістер болған жоқ. Алайда толқындардың бағыты 54 градусқа өзгергені анықталды.
"Біз темір құрылымның өзгеріп жатқандығына дәлел таптық. Бұл планетамыздың тарихында екі бөлек мұз дәуірі кезеңі болғанын білдіреді", - деп түсіндірді Стивенсон.
Жаңалық кейбір эксперименттік мәліметтердің Жер құрылымының қазіргі модельдеріне неге сәйкес келмейтіндігін түсіндіруі мүмкін. Кейінгі жылдары ғалымдар "ішкі ядроның" бар екендігі туралы ой қозғауда, себебі ішкі ядроны құрайтын темір кристалдары әртүрлі құрылымдық орналасуларға ие.