Жердің ең ерекше карталары

Жердің ең ерекше карталары
Фото: sensry.net

Жер планетасын зерттеу үшін ғалымдар түрлі картаны қолданады. Бүгін назарыңызға Google Maps пен география сабағындағы атласта жоқ ерекше карталар топтамасын ұсынамыз.

Ежелгі Жер және құрлықтардың ығуы

Пангеядан қазіргі құрлықтардың қалай бөлініп шыққаны қызық па? Оны геолог Кристофер Скотезенің онлайн-картасы жақсы көрсеткен.

Интерактив картаның ыңғайлы навигациясы бар: қазіргі уақыттан 750 миллион жылға дейінгі дәуірлерді таңдап, жануарлар мен өсімдіктердің таралуынан басап, коралл рифтеріне дейін көруге болады.

Мантияның іші

Жер мантиясының қалың қабатында қызған тас пен металл ағыны бар. Олар кейде көлемі бір құрлықпен пара-пар тамшы құрайды екен. Олардың пішіні мен құрылымын көрсету үшін сейсмолог Санне Коттар мен геолог Вед Лекич ықшамдалған 3D-модель жасап шыққан.

Гравитация

Мектептегі атластан тау мен су ажыратып көрсетілген Жердің физикалық картасы жатталып қалды. Ал гравитациялық карта туралы хабарыңыз бар ма? Жердегі тау жыныстары мен судың әсерінен жер шарындағы нүктелерде тартылыс күші әртүрлі болады. Гравитация картасы NASA ғарыш агенттігінің GRACE миссиясын орындаған екі жерсерігінің деректері негізінде жасалған. NASA визуализация орталығының сайтында бұл видеокартаны жүкеп алып, толығырақ танысуға болады.

Жер – тірі планета

Бұл видеокартаны жасау үшін NASA жерсеріктері 20 жыл бойы жинаған деректер пайдаланылған. Ол Жер планетасының қалай "тыныстайтынын" көрсетеді. Яғни жауынды маусымда өсімдіктердің қалай таралып, құрғақ маусымда қалай жойылатынын, мұхит фитопланктоны қалай көшіп-қонатынын, мұз бен қардың қалай келіп-кететінін көруге болады.

Жер – күрделі динамикалық жүйе және ешбір статикалық карта планетадағы өзгеріс пен динамиканы дәлме-дәл көрсете алмайды.

Massaget.kz