- Негізгі бет
- Әлемтану
- Жер шарын ластайтын...
Жер шарын ластайтын компаниялар
"Break Free From Plastic" тәуелсіз ұйымы Жер шарын ластайтын компаниялар тізімін жариялады. Coca-Cola, PepsiCo және Nestle үшінші жыл қатарынан көш басында тұр. Үздік бестікке Unilever және Mondelez International компаниялары кірді.
Зиянды пластиктен қалай құтылуға болады?
Жер бетінде пластмасса өте көп болуы айналаны ластайтыны жасырын емес. Break Free from Plastic компаниясы жыл сайын планетаны ластайтын брендтер туралы мәліметтер жинау, есепке алу және құжаттандыру туралы азаматтық бастаманы көтеріп келеді. Әлемнің 55 елінен 346 494 пластмасса табылған және олардың көпшілігі жоғарыда аталған компания өнімдерінің қалдығы.
Әлемдік мұхиттағы қоқыстың басым бөлігі неден тұрады?
Әлемнің жетекші брендтерінің мәлімдемелері мен уәделеріне қарамастан, жағдай жақсы жаққа өзгермей тұр. Ондаған штаттың теңізі, мұхиты мен жағалауы қоршаған ортаның ластануынан зардап шегеді.
Пластик қалдықтарды жинайтын әртүрлі ұйымның жұмысы зая кететіндей көрінеді. Ал ірі корпорациялар өндірісте бір реттік пластик ыдысты пайдалануды тоқтатқысы келмейтін сияқты.
"Әлемнің ірі брендтері планетаның пластик кесірінен ластануымен күресуге көп күш саламыз деп айтса да, іс жүзінде олар өндіріс көлемін арттыруды жалғастырып жатыр", - дейді Global Plastics Cleanups қозғалысының өкілі Эмма Пристланд.
Бұл есепте 57 бет дәлелденген және жалпыланған, 65 құжат пен басылымға сілтеме берілген. Мұндай материалдарды оқу қиын, өйткені олар әлемдік брендтердің жалпы жауапсыздығына куәлік етеді.
Әлемдік дағдарыстың қиындығына қарамастан, еріктілер пластикалық қалдықтарды жинау, талдау және қайта өңдеу бойынша күрделі жұмыстарды жалғастырып жатыр. 2020 жылға қарай көптеген елде тексеру жүргізілді және Coca-Cola қоршаған ортаны ластаушы ретінде көшбастап тұр. Әлемнің 51 елінде негізінен Coca-Cola өнімінен тұратын 13 834 қоқыс полигоны табылған.
"Үшінші жыл қатарынан дәл сол компанияларды ластаушы компаниялардың алдыңғы қатарынан көретініміз кездейсоқ емес. Трансұлттық компаниялар қоғамды алдап, одан да көп пластмасса шығарып жатыр", - дейді Greenpeace-тің Оңтүстік-Шығыс Азия бойынша өкілі Эбигейл Агилар.
Айта кетейік, пластик бөтелкелер өте шыдамды. Олар 200 жылға дейін шірімейді.
Т. Раушанұлы