- Негізгі бет
- Әлемтану
- Жер бетіндегі мұнай...
Жер бетіндегі мұнай қашан бітеді?
Жер шарындағы энергетикалық ресурс ерте ме, кеш пе бітетіні анық. Алайда сауал қашан бітетінінде. Бұған жауап іздеген қытай ғалымдары мұнай өнімдері қазіргі кездегідей көп қолданылатын болса, онда айналдырған жарты ғасырдың ішінде түгесіліп бітетінін айтады.
Бұл жайлы қытай басылымы The Paper хабарлады.
ҚХР Оңтүстік технология университетінің президенті әрі Қытай ғылым академиясының мүшесі Сюэ Цикуньдің айтуынша, адамзат мұнайды үздіксіз қолданып келе жатқанына 250 жыл болды. Әрі мұнайдың арқасында жер бетінде үш бірдей технологиялық төңкеріс болды. Енді оның бітетін уақыты жақындады.
Сондықтан адамзатқа энергия өндірудің басқа бір жолдарын табуы тиіс. Ғалымның сөзінше, күн энергиясын өндіру арқылы таусылмайтын қуат көзіне қол жеткізуге болады.
"Ал көмір мен табиғи газды сутегі отынымен алмастыруға болады", - дейді Цикунь.
Осыған дейін Ұлыбританияның BP энергетикалық компаниясы мұнайға деген сұраныстың азаюына аз уақыт қалғанын, адамзаттың біртіндеп баламалы энергияға өте бастағанын хабарлаған. Компания сарапшыларының ойынша, адамзат мұнайдан бірден бас тартып, баламалы энергияға өтіп кетуіне жағдайы барын айтқан.
Қ. Слямбек