- Негізгі бет
- Әлемтану
- Желтоқсанда ортағасырдан бері...
Желтоқсанда ортағасырдан бері болмаған астрономиялық оқиға қайталанады
Фото:
indiatimes.com
2020 жылы 21 желтоқсанда Күн батқаннан кейін Юпитер мен Сатурн 800 жылдан кейін алғаш рет бір-біріне минимал қашықтықта жақындайды.
Екі алып планета әр 20 жылда бір-біріне жақындайды. Бірақ олар бір-біріне минимал қашықтықта өте сирек жақындайды. Мұндай құбылыс соңғы рет 1226 жылы 4 наурызда болған. 16-25 желтоқсанда Юпитер мен Сатурн Жерден қарағанда егіз планета сияқты болып көрінеді.
©phys.org
Бұл құбылысты экватордан жақсырақ бақылауға болады. Бірақ ауа-райы ашық болса оны әлемнің кез келген бұрышынан байқауға болады. Планеталар аспанның батысында күн батқаннан кейін бір сағаттан кейін пайда бола бастайды.
Сарапшылар "келесі жолы планеталар бір-біріне 2080 жылы 15 наурызда, содан кейін тек 2400 жылы минимал қашықтықта жақындайды" дейді.
Т. Раушанұлы