- Негізгі бет
- Әлемтану
- Жапонияда карантин режимі...
Жапонияда карантин режимі "жұмсарып" жатыр
Жапонияда 47 префектураның 39-ында коронавирустың таралу қарқыны бәсеңдеді. Осыған байланысты бейсенбі күні ел үкіметі осы аймақтарда төтенше жағдай режимін алып тастау туралы мәселені қарастырды. Бірақ Токио мен Осакада төтенше жағдай режимі сақталады.
Төтенше жағдай режимі Хоккайдода, Токионың елордалық аумағына кіретін Чиба, Канагава және Сайтама, сондай-ақ Киото, Осака және Хиогода жалғасады.
Бастапқыда, Премьер-министр Синдзо Абэ Токиода, Осакада және басқа да бес префектурада 6 мамырға дейінгі кезеңде осы аудандарда жұқтыру жағдайлары санының күрт өсуіне байланысты төтенше жағдай енгізілгені туралы жариялаған болатын.
16 сәуірде төтенше жағдай режимі елдің барлық 47 префектурасына енгізілді. Бұған дейін хабарлағандай ТЖ режимі 31 мамырға дейін ұзартылды.
Бүгінде елде коронавирус жұқтырғандардың саны 16 700-ден асты. Оның ішінде 700-і – ақпан айында карантинге жіберілген Diamond Princess круиз лайнерінің жолаушысы. Елде вирустан 690 адам көз жұмған.
Т. Раушанұлы