“Жапонияға барған халық мемлекеттің мұнтаздай тазалығына таңдай қағады. Одан кейін көзге түсетіні – қоқыс тастайтын урналар мен аула сыпырушылардың жоқтығы. Соған қарамастан, Жапония қалайша ерекше таза мемлекетке айналды?” деп жазады ВВС.
Автордың айтуынша, мемлекеттің тазалығын азаматтар сақтап тұр.
“Мектептегі 12 жылда тазалық жұмыстары күнделікті тәртіп саналады. Отбасында әр ата-ана балаларды тәртіпке үйретіп, қоршаған ортаны тазалықта ұстау керектігін бойына сіңіреді. Бұл қоғамдық сананың элементін мектеп бағдарламасына енгізіп, балаларды қоршаған ортаны аялауға баулиды. Өздері тазалауы керек мектеп айналасын кім шашсын?”, деп жазады автор. Оның айтуынша, бұл балаларды жауапкершілікке үйретеді.
“Жапонияның тазалық шаралары туристік көрнекілікке айналған. Тіпті, жапон футбол жанкүйерлері де 2014 жылы Бразилиядағы, 2018 жылғы Ресейдегі әлем чемпионатында әлемді таңдандырған еді. Мұндай жағдай музыка фестивальдерінде де байқалады", - дейді автор. Кеңсе қызметкерлері күнде таңертең жұмыс орындарының айналасын жинайды. Балалар ай сайын мектеп айналасын тазалайды екен.
Автор бұдан әрі жапондардың не себепті тазалыққа құмар екенін анықтауға тырысқан.
"1600 жылы Уилл Адамс Жапонияға барған алғашқы ағылшын болды. Ол өз биографиясында жапондар айналасын таза ұстайтынын және өзінің осындай тазалыққа таңғалғанын жапондар түсінбегенін жазған. Тазалыққа құмарлық практикалық проблемалардан пайда болуы мүмкін. Жапониядағыдай ыстық және ылғалды ортада тағам тез таусылады, бактерия жылдам тарайды. Яғни, жақсы гигиена жақсы денсаулық кепілі болады", - дей келе автор Жапонияға барған кез келген адам тазалыққа тез үйренетінін, ал еліне оралған соң бұрынғы тіршілікті қабылдай алмайтынын жазған.