Жапон миллиардері, Айдың алғашқы турисі болуға дайындалып жатқан Юсаку Маэдзава твиттеріндегі оқырмандары арасында әлеуметтік тәжірибе өткізіп, 9 миллион долларын таратып беруге уәде берді.
Бизнесмен арнайы конкурс ұйымдастырып, оның жеңімпаздарына миллион иеннен (9 мың доллар) үлестіріп береді. Осылай ол ақша адамдарға қаншалықты бақыт сыйлайтынына көз жеткізбекші.
In 2019, I did a 100 million yen giveaway on Twitter (1M yen to 100 winners). I hold the record for the most retweeted tweet.
In 2020, I did a giveaway of up to 1 billion yen.
This social experiment will study the effects of UBI.
Will you be happier if you were given 1M yen? pic.twitter.com/waa7XhiGIz
// // ]]> "Егер өз қалауын басқара алмайтын адамдарға ақша беріп, оған ақша арқылы өмірін өзгертуге мүмкіндік берсе не болады? Сіз өміріңізді өзгерте аласыз ба?”, - деп жазған миллиардер твитіне.
Юсаку ақшасын жеңімпаз атанған мың адамға бөліп бермекші. Жеңімпаздар миллиардер қалдырған хабарламаны өз парақшасына қайта жариялаған адамдар арасынан кездейсоқ таңдап алынады. Берілген қаржы оларды қаншалықты бақытты еткені арнайы сауалнамалар арқылы бақыланады.
Айта кетейік, Юсаку Жапониядағы өнерге қамқорлық танытатын миллиардер ретінде танымал. Forbes мәліметтеріне қарағанда, Маэдзаваның жалпы байлығы 3 миллиард доллар болып, Жапониядағы бай адамдар тізімінде 18-орынды иеленген.
Юсаку әр жылы 20 жастан 35 жасқа дейінгі талантты жастарды ынталандыру үшін 15 мың доллар бөліп отырады. Миллиардер жас суретші мен музыканттарға арнап гранттар тағайындайды. Туған жерінде мұражай ашуды да жоспарлап отыр.
Ол 2016 жылы Жан-Мишел Баския мен Пабло Пикассо картиналарын сатып алу үшін 80 миллион долларын сарп еткен. 2017 жылы болса Жан-Мишел Баскияның "Атауы жоқ" картинасын 110,5 миллион долларға сатып алып, айды аспанға бір-ақ шығарды.
Ол Илон Масктың SpaceX компаниясы тарапынан жобаланып жатқан BFR зымыранында Айға саяхаттайтын алғашқы турист болады.