Шотландия мен Исландия ғалымдары Исландия мұздығының қаншалықты еріп жатқанын дәлелдеу үшін 1980 жылдардағы суреттер мен қазіргі заманғы дрондардың көмегімен түсірілген суреттерді салыстырып көрген.
Ғалымдер негізінен Ватнайокюдльдің оңтүстігіндегі 7700 квадрат метр аумақты алып жатқан мұз қабатын зерттеген. Шотландиядағы Данди университетінің ғалымы Киран Бакстер ddc-ге берген сұқбатында: “Біз өте қысқа уақытта пайда болған таңғаларлық айырмашылықты көрдік”, - дейді.
Исландия университеті мен Исландия Метеорология бюросының ғалымдары қатысқан жобада 1980 жылдары түсірілген аэрофотосуреттер пайдаланылған.
Мыңдаған фотосуреттер түсіріліп, содан кейін олар жердің үш өлшемді моделіне айналдырылған. Киран Бакстердің айтуынша, кескіндемені ауданды әр түрлі жағынан көрсету үшін өзгертуге болады.
“Сосын біз бұл суреттерді дрон көмегімен түсірілген қазіргі заманғы суреттермен салыстырып шықтық”, - дейді ғалым.
Исландия Метеорология бюросының мәліметінше, 2000 жылдан бері мемлекет мұздары шамамен 750 квадрат шақырымға шегініп, жылына орташа 40 квадрат шақырым мұз еріп отырған.
Биыл жазда Исландияда 700 жастағы Окйекудль мұзының Жер бетінен мүлдем жоғалуына байланысты қоштасу рәсімі өткен.
Жаһандық жылыну салдарынан мұздардың еруі әлемдік глобал мәселеге айналған. Климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық комиссияның жақында жасаған есебінде: “егер көміртегі газының қоршаған ортаны ластауы бүгінгідей жалғасын таба берсе, 2100 жылға қарай Еуропа, Африка, Анд және Индонезиядағы мұздықтары қазіргі массасының 80 пайызын жоғалтады” деп айтылған.
Мұның нәтижесінде теңіз деңгейі көтеріліп, миллиондаған адамдарға табиғи апат алып келуі мүмкін.
Айта кетейік, шілде айының өзінде Гренландия мұз қалқанының 160 миллирад тонна мұзы еріп кеткенін жазған едік.