- Негізгі бет
- Әлемтану
- Илон Маск алғаш...
Илон Маск алғаш рет әлемдегі ең бай адамдардың бестігіне енді
Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаушы Илон Маск әлемдегі ең бай адамдардың бестігіне енді. Бұл туралы Forbes хабарлады. Дүйсенбідегі Tesla акцияларының қымбаттауына байланысты Масктың байлығы 74,2 миллиард долларға бағаланды. Ол әлем байларының ішінде алтыншы орынды тұрған Мукеш Амбаниді 1,3 миллиард долларға артта қалдырды.
Маск жыл басында әлемдегі ең бай адамдардың арасында 37-ші орында еді. Ал осы уақыттан бері Tesla 300 пайызға қымбаттады. Tesla қазір әлемдегі ең қымбат автомобиль ғана емес (304,5 миллиард доллар), сонымен қатар Ford, Ferrari, General Motors және BMW маркалы компаниялардың жиынтық бағасынан да қымбат.
Бірінші тоқсанда Tesla 103 000 автомобильді нарыққа жіберсе, осы уақытқа дейін әлемдегі ең қымбат көлік компаниясы болып келген Toyota жыл басынан бері 2,4 миллион автокөлік өндірген.
Кейінгі бір жыл ішінде Ford және General Motors компанияларының сатылымы Tesla сатылымынан 10 есе жоғары болған.
Т. Раушанұлы