Хиллари Клинтон Нью-Йорк губернаторы болуы мүмкін

Хиллари Клинтон Нью-Йорк губернаторы болуы мүмкін
Фото: russianmind.com

АҚШ-та президенттік cайлауда Дональд Трамптан ұтылған Хиллари Клинтон енді Нью-Йорк əкімі сайлауына қатыспақшы, деп хабарлайды New York Daily News басылымы.

New York Daily News басылымының мәліметінше, Клинтон осы орын үшін өз кандидатурасын ұсынатынын Демократиялық партияның жоғары лауазымды өкілімен әңгіме кезінде айтқан.

Басылымның жазуынша, бұл қызметке оны демократтар шақырып отыр. Ал Нью-Йорктің бұрынғы басшысы Билла де Блазио мен Хиллари Клинтон қатынасы президенттік сайлау кезінде шиеленісіп кеткен, содан кейін ол Клинтонды президенттікке үміткер ретінде қолдаудан бас тартқан. Билла де  Блазионың мерзімі  осы жылдың соңында аяқталады.

Нью-Йорк губернаторы сайлауы 2017 жылдың 7 қарашасында өтеді.

Дереккөз: egemen.kz

Г. Берік