ХХ ғасырда екі дүниежүзілік соғыс және көптеген жергілікті қақтығыстар әлем картасын түбегейлі өзгертті. ХХ ғасырдың басында планетада бірнеше ондаған тәуелсіз мемлекеттер ғана болды. Ғасырдың аяғында олардың саны 200-ге жақындады. Соған қарамастан, жаңадан құрылған кейбір елдер көп өтпей қайта жойылып кетті. Назарыңзыға әлем картасынан ХХ ғасырда жойылып кеткен 9 елді ұсынамыз.
Бейтарап Мореснет
Өмір сүру кезеңі: 1816-1920 жылдар
Наполеон құрған империя құлағаннан кейін Еуропа өз шекараларын қайта қарауға мәжбүр болды. Германия мен Бельгия арасында 3,5 шаршы шақырым болатын бұл шағын жер учаскесі шекараны қайта анықтау барысында ешкімге тиесілі емес еді. Пайда болған бейтарап аймақты Нидерланд пен Пруссия бірлесіп басқарды.
Халқы азаматтығы жоқ адамдардан тұратын, бірақ өзінің туы мен елтаңбасына ие болған мемлекет 1920 жылдарға дейін өмір сүрді. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін, Версаль келісімшарты бойынша, Мореснет Бельгияның құрамына кірді.
Сало Республикасы
Өмір сүру кезеңі: 1943-1945 жылдар
Сало Республикасы "Италия Социалистік Республикасы" деп те аталады. Сало – Италияда Муссолини басқарған шағын мемлекет. Бұл елді Германия, Жапония және басқа нацистік көзқарастағы елдер ғана мойындады. Оған бақылауды ұстап тұру үшін неміс әскерінің қолдауы қажет болды. Республикалық үкімет Италия мен Римнің бүкіл солтүстік бөлігі оларға тиесілі деп мәлімдеді. Мемлекеттің орталығы Гарда көлінің жағасында орналасқан кішкентай Сало қаласында болды. Италия социалистік республикасы 1945 жылы елдегі фашистік одақтас күштерінің қудалауынан кейін жоғалып кетті.
Біріккен Араб Республикасы
Өмір сүру кезеңі: 1958-1971 жылдар
Бұл мемлекетті Мысыр мен Сирия Израильге деген қастық негізінде құрған еді. Қысқа мерзімге құрылған саяси одақ десе де болады. Сирия одақтасымен кейбір қақтығыстарды шеше алмағаны үшін 3 жылдан кейін республикадан шықты. Мысыр 1971 жылға дейін БАР деген атпен танымал болды.
Сикким
Өмір сүру кезеңі: 1642-1975 жылдар
Сикким 1642 жылдан бастап Намгял әулетінің билігіндегі кішігірім тәуелсіз князьдік еді (Пунцог Намгял бірінші король болған). 1975 жылы Сикким Үндістанға оның 22-штаты болып енді. Сиккимнің тәуелсіздігі кезінде бұл аймақтан Қытайға әйгілі Жібек жолы өтті.
Цейлон
Өмір сүру кезеңі: 1505-1972 жылдар
Оңтүстік Азияда орналасқан бұл ел қазір "Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасы" деп аталады. Цейлон өзінің бай халықаралық қатынастарымен мақтана алатын тарихы бар ел болған. Аталмыш ел VІІ ғасырдан бастап арабтардың, содан кейін еуропалықтардың сауда орталығы еді. Цейлонды алдымен португалдар, содан кейін голландтар, соңында ағылшындар жаулап алған. 1948 жылы Цейлон толық тәуелсіздігін алды. 1972 жылы Цейлон атауын Шри-Ланка деп өзгертті.
Чехословакия
Өмір сүру кезеңі: 1918-1993 жылдар
Чехословакия Аустрия-Венгрия империясының «қалдықтарынан» тұрды және оны Вермахт басып алған 1938 жылға дейін бейбіт өмір сүрді. 1945 жылы кеңес жауынгерлері елді азат етіп, КСРО өзіне адал саясаткерлерді елді басқаруға тағайындады. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Чехословакия Социалистік Республикалар Одағынан шықты. 1992 жылы айтарлықтай мәдени айырмашылықтары бар чехтар мен словактар екі бөлек мемлекетке бөлінуге шешім қабылдады.
Шығыс Германия
Өмір сүру кезеңі: 1949-1990 жылдар
Берлинді бөлген қабырға Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін салынды. Ол кезде АҚШ, Ұлыбритания және Францияның басқаруымен Германия Федеративті Республикасы құрылды. Оған жауап ретінде Кеңес Одағы Германия Демократиялық Республикасын құрды. 1990 жылы қабырға бұзылып, бөлінген ұлт қайта қауышты.
Югославия
Өмір сүру кезеңі: 1918-1992 жылдар
Югославия, Чехословакия сияқты, әртүрлі елдерді, негізінен Венгрия мен Сербияның белгілі бөліктерін біріктіру арқылы Аустрия-Венгрия империясының "қалдықтары" негізінде құрылды. Жалпы алғанда, Югославия әртүрлі мәдениеттер мен дәстүрлерге ие 20-дан астам этникалық топтың "үлкен қайнап жатқан қазаны" болды. Югославия Корольдігін Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Германия басып алды. Таратылғаннан кейін партизан отрядтарының жетекшісі Иосип Тито социалистік Югославияны құрып, оның диктаторына айналды. 1992 жылы социалистік Югославия Хорватия, Босния, Словения, Сербия, Македония және Черногория болып бөлінді.
Тибет
Өмір сүру кезеңі: 1912-1951 жылдар
1912 жыл – Тибеттің бірнеше мың жылдық тарихында ерекше маңызға ие жыл. Сол жылы XIII Далай Лама Тибеттің Қытайдан бөлінгенін жариялап, тәуелсіз Тибет мемлекетін құрды. 1951 жылы Қытай армиясы Тибетке басып кіріп, елді өз құрамына қайта қосып алды. 1959 жылы Тибет жұрты қытай отаршылдарына қарсы бас көтерді, бірақ ол тез басылды. Тибеттіктер әлі күнге дейін тәуелсіздігін алу үмітімен өмір сүріп жатыр.