Әлем халқы санының өсуі жылына шамамен 1,1 % (шамамен 83 миллион адам). XVIII ғасырда өнеркәсіп революциясынан кейін халық саны тез өсті. Әлем халқының саны 1800 жылдан бастап қазірге дейін 1 миллиардтан 7 миллиардқа артты және есептеулер бойынша 2030 жылға қарай 8,6 миллиардқа жетеді. Тұрғындар саны 100 миллионнан асатын 13 ел бар: Қытай, Үндістан, АҚШ, Индонезия, Бразилия, Пәкістан, Нигерия, Жапония, Эфиопия, Бангладеш, Ресей, Мексика және Филиппиндер. Қытай мен Үндістанда бұл көрсеткіш 1 миллиардтан асты.
Қытай ≈ 1,409,516,397
Қытай Шығыс Азиядағы егемен мемлекет болып табылады, ол шамамен 9,6 миллион км2 құрайды. ҚХР-да 56 этникалық топ бар, олардың ең ірісі хань немесе қытайлықтар (91,51%). Хань әлемдегі ең көп ұлт болып саналады және Синьцзян мен Тибеттен басқа барлық ҚХР-ның провинцияларында басым.
Үндістан ≈ 1,339,180,127
Үндістан жер көлемі бойынша әлемде жетінші орында, ал тұрғындардың саны жағынан екінші орында. 2011 жылғы санақ бойынша тұрғындардың саны 1 210 193 422 адамды құрады, яғни 2001 жылдан 2011 жыл аралығында көрсеткіш 17,64% дейін өсті. Халықтың саны 1 миллиардқа 1998 жылы жетті, болжам бойынша, 2024 жылға қарай Үндістан әлемдегі халық ең тығыз орналасқан мемлекет болады. Тұрғындардың 50%-дан астамы 15 жастан кіші.
Америка Құрама Штаттары ≈ 324,459,463
Құрама Штаттар 5 өзін-өзі басқаратын аумақтан, 50 штаттан және 1 федералды округтан тұратын мемлекет болып саналады. Америка Құрама Штаттары шамамен 9,8 миллион км2 аумақты қамтиды. Бұл алдағы жылдарда халықтың саны айтарлықтай өсуі болжанып отырған жалғыз ірі дамыған мемлекет. Халық саны ең көп штат Калифорния (39,536,653 адам), кейін Техас пен Флорида болып табылады.
Индонезия ≈ 263,991,379
Индонезия Оңтүстік-Шығыс Азиядағы мұхит аумақтары бар егемен және континент аралық мемлекет болып табылады. Бұл 13 000-нан астам аралдары бар саяси картадағы ең үлкен аралдық мемлекет. Көптеген тұрғындар Явa аралында тұрады.
Бразилия ≈ 209,288,278
Бразилия халқының саны 1940 жылдан 1970 жылға дейін өлім-жітімнің төмен болуына байланысты айтарлықтай өсті. 1940 жылдардағы өсу қарқыны 2,4% болса, 1950 жылдары 3%-ға жетті. Алайда, 1960-шы жылдардан бері өсу қарқыны төмендей бастады, ал қазір бұл көрсеткіш 0,8%-ды құрайды.
Керімсал Жұбатқанов
дереккөз: bilim-all.kz