4 мамырда дүниеге келген 48 жастағы Илон Маск пен 32 жастағы Граймстың сәбиі жұртшылық назарын бірден өзіне аударды.
Ата-ана нәрестенің суретін көрсетіп қана қоймай, оның есімін де жария етті. Олар ұлының есімін Х Æ А-12 деп қойған. Мұны қалжыңға балаған жұртшылық алдымен мән бермеген. Бірақ инженер мен әнші мұның ешқандай да қалжың емес екенін, сәбидің есімі осылай аталатынын мәлімдеген.
Масктың Марсқа қатысты 100 жылдық жоспары
Сонымен, бұл есім Икс Эш Эй Туелв деп айтылады. Маск ұлының есімін өзі емес, керісінше жұбайы – Граймс таңдағанын айтқан.
Илон Маск әлем автоөндірісін бағындыра ала ма?
Бірақ жаңа туған сәбидің есіміне байланысты мәселелер туындауы мүмкін. Себебі, Калифорния заңы баланың аты тек ағылшын алфавитін қамтуын талап етеді. Әйтпесе, нәресте туу туралы куәлік ала алмауы мүмкін. Алайда Илон Маск ұлының есімін өзгерту туралы ештеңе айтпаған.