- Негізгі бет
- Әлемтану
- Германиядағы фермерге сирек...
Германиядағы фермерге сирек өнертабыс үшін 773 мың еуро төленеді
Германияның Гессен жеріндегі үкімет жергілікті жердегі фермерге өз жерінде табылған Рим империясының мүсініне 773 мың еуро төлеуге міндеттелген үкім шығарды.
2009 жылы археологтар Лимбург қаласындағы фермер жерінен б.з.б І ғасырда жасалған ат басының мүсінін тапқан. Заңға сәйкес жер иесі табылған байлықтың құнының жартысын талап етуге құқығы бар. Бірақ екі тарап табылған өнертабыстың бағасына келісе алмаған. Гессен үкіметі фермерге 48 мың еуро төлейміз деп мәлімдеген. Бірақ, жер иесі одан да көп сома төлеуді талап еткен.
Нәтижесінде Лимбург қаласының соты мұны шешу үшін эксперт шақырған. Маман ежелгі өнертабысты 1,6 миллион еуроға бағалаған. Сот маман пікірін негізге ала отырып шешім қабылдаған. Осылайша Гессен үкіметі фермерге 773 мың еуро төлеуге міндеттелген.
Дегенмен, Гессен ғылым министрлігі шешіммен келіспейтіндігін білдіріп, бұл істі Федералдық Жоғарғы сотқа өткізетінін мәлімдеген.