Франция, АҚШ және Түркияның халықаралық зерттеушілер тобы Балқанатолия құрлығының ізін тапты. Бұл туралы ScienceDirect жазды.
Геологтар атап өткендей, материк шамамен 34 миллион жыл бұрын болған және Азия, Батыс Еуропа және Африканы байланыстырған. Ғалымдар Балқан түбегі мен Түрік Анадолысында табылған сол дәуірдің қазбаларын зерттеу арқылы осындай қорытындыға келген. Талдау көрсеткендей, шамамен 50 миллион жыл бұрын бұл аймақ әлемнің басқа бөліктерінен теңіз арқылы бөлініп, материкте Еуропа мен Азия фаунасының өкілдеріне ұқсамайтын жануарлар мекендеген.
Еуропалық ормандар палеотериялықтар сияқты эндемикалық жануарлардың мекені болды. Қазір жойылып кеткен жануарлардың бұл тобы қазіргі жылқылармен алыс туыстас болған, бірақ салпыеріндерге (тапирлер) көбірек ұқсайтын. Азияда қазір екі континентте кездесетін сүтқоректілер тұқымдасының өкілдері өмір сүрген.
Балқанатолия, 40 миллион жыл бұрын және қазіргі уақыт. © Алексис Лихт, Грегуар Метэ/CNRS
Ғалымдардың пікірінше, біраз уақыттан кейін полярлық мұздықтардың өсуі мен теңіз деңгейінің төмендеуіне байланысты жаңа құрлықтар пайда болып, Балқанатолия қазіргі Таяу Шығысты Орталық және Батыс Еуропамен тікелей байланыстырған. Дәл осы қалыптасқан құрлық көпірі арқылы Азиядан келген жануарлар климаты қолайсыз солтүстік аймақтарды айналып өтіп, Еуропаға көшкен. Бұл процесс жаппай жойылудан бұрын басталған.
"Балқанатолиядағы азиялық фауна, соның ішінде кеміргіштер мен тұяқты жануарлардың Еуропадағы жойылып бара жатқан басқа жануарлардың орнын басқан, - дейді зерттеушілер.
Ғалымдар бұған дейін Жер бетінде суперконтиненттер – бірнеше континенттерден тұратын алып құрлық массалары қайта пайда болуы мүмкін екенін және олардың Жер шарындағы қалыптасу орны біздің планетамыздың климатына айтарлықтай әсер етуі мүмкін екенін айтқан болатын.