- Негізгі бет
- Әлемтану
- Ғалымдар Арктикадағы барлық...
Ғалымдар Арктикадағы барлық мұз 2035 жылға қарай еріп кететінін айтты
Климатологтардың айтуынша, ғаламдық жылыну салдарынан планетамыздың келбетін түбегейлі өзгереді. 2035 жылға дейін полюстегі мұз қабаты мүлдем жоқ болып кетуі мүмкін. Ғалымдар соңғы мұз дәуірі арасындағы жылы кезең мен Арктика ауа райын зерттей келе осындай қорытындыға келді. Бұл туралы Nature Climate Change хабарлады.
Гренландия мұздығы ерісе не болады?
"Біз Арктика жаһандық жылынудың әсерінен тез өзгеріп жатқанын байқадық. Оның көмегімен жақын болашақта не болатынын және Жер тарихының соңғы жылы кезеңінде не болғанын білеміз. Арктиканың 2035 жылға қарай мұзсыз қалуы адамзатты жаһандық жылынуға қарсы белсенді күресуге шақыруы керек", - дейді зерттеу авторларының бірі Британ Антарктикалық қызметінің маманы Луиза Сайм.
Әлемдегі барлық климатологтар жаһандық жылынудың болуы және планетамыздағы орташа температураның 1,5 градусқа дейін көтерілуі Жердің сыртқы түрін түбегейлі өзгертетініне күмән келтірмейді. Бұған планета климатының компьютерлік модельдері және әртүрлі климаттық жерсеріктер мен метеорологиялық станциялардың мәліметтері дәлел бола алады.
Аталған процестің бірінші және негізгі құрбандары жер шарының полярлық аймақтары және тау мұздары болады. Бұл аумақтағы ауа температурасы өткен ғасырға қарағанда 4-9 градус жылыған. Нәтижесінде Антарктида мен Арктиканың көп бөлігінде мұздар еріп кетті.
Ғалымдар Арктиканың 125 мың жыл бұрын, Микулин мұз дәуіріндегі жылы кезеңде қалай өзгергенін талдап, жоғарыдағы процесс ғалымдар күткеннен тезірек деген қорытындыға келді.
Ғалымдардың пікірінше, мұндай процестер Жер бетінде 2035 жылы басталуы мүмкін. Бұл кезде Арктикадағы температура Микулин дәуіраралық кезеңінің басындағы температурамен бірдей болады. Осылайша, полярлық мұз қабаты бұрынғы климаттық модельдер көрсеткеннен жарты ғасырға жуық уақыт бұрын жоғалып кетуі мүмкін.
Ғалымдар жаңа болжам адамзаттың назарын аударып, парниктік газдар шығарындыларын азайту бойынша жаңа шаралармен белсенді жұмыс істеуге мәжбүр етеді деп үміттенеді. Бұл Арктиканың жылынуын бәсеңдетіп, адамзатқа климаттың радикалды өзгеруіне дайын болуға уақыт береді.
Т. Раушанұлы