Зерттеу авторларының айтуынша, алғашқы заманауи адамдар Африкадағы Ботсвана солтүстігінде, Замбези бассейнінің оңтүстігінде орналасқан жерде пайда болған. Бүгінде бұл аймақта тұз кені бар, бірақ осыдан 200 мың жыл бұрын біздің алғашқы үйіміз – үлкен көл болған екен.
Адамзат тарихындағы маңызды кезеңдер
400 000 жыл бұрын: Неандертальдар – Еуропа мен Азияда пайда бола бастады
300 000 - 200 000 жыл бұрын: Homo Sapiens яғни қазіргі адамдар – Африкада пайда болды
50 000 - 40 000 жыл бұрын: қазіргі адамдар Еуропаға жетеді.
Ежелгі адамдардың жолы қандай болған?
Аустриядағы Гарван медициналық институтының генетик-профессоры және зерттеудің жетекші авторы, профессор Ванесса Хейс анатомиялық тұрғыдан қазіргі адамдар Африкада 200 мың жыл бұрын пайда болған деп санайды. Олар көші-қонға жол ашатын аймақ бойымен қозғалып, Африкадан басқа құрлыққа таралған. Профессор Хейсдің нәтижелері бойынша ежелгі адамдар Ботсвана аймағында 70 мың жыл өмір сүрген. Және олар жергілікті климат өзгергенше сол жерде тұрақтаған. Африканың үлкен көлдер жүйесі, МакГадикгади көлі көп мөлшерде ылғалға ие болғандықтан қазіргі заманғы адамдар мен жабайы табиғат үшін қолайлы тіршілік ортасын қамтамасыз еткен.
Африкада 70 мың жыл тұрақтағаннан кейін адамдар басқа аймақтарға тарала бастаған. Осыдан 130-110 мың жыл бұрын жауған толассыз жауыннан жасыл құнарлы “ашық дәліздердің” туындауына алып келген. Осы жол арқылы адамдарды көші үш кезеңге бөлінген. Бірінші толқын солтүстік-шығысқа қоныс аударса, екінші толқын оңтүстік-батысқа көшкен. Ал халықтың үштен бірі ешқайда көшпей тұрақтап қалған. Бұл сценарий ДНҚ-ның жүздеген митохондриялық үлгілерін тексеру қорытындысы арқылы жазылған. Генетиканы геология мен климаттың компьютерлік модельдерімен үйлестіре отырып, зерттеушілер Африка континентінің 200 мың жыл бұрынғы моделін жасаған.
Адамзат тарихын қайта құру
Алайда зерттеудің дұрыстығына басқа ғалымдар күдікпен қарайды. Кейбір ғалымдар адамның шығу тарихын тек митохондриялық ДНҚ мәліметтеріне сүйене отырып қайта құру мүмкін емес деп санайды. Алдыңғы зерттеулердің нәтижелері адамның Шығыс Африкада пайда болғанын дәлелдеген.
Лондондағы Табиғи тарих мұражайының профессоры, Крис Стрингер BBC News-қа берген сұхбатында Homo Sapiens-тің эволюциясы күрделі процесс екенін айтады.
“Митохондриялық ДНҚ-ның өзі адамның шыққан жерін қайта қалпына келтіруге қауқарсыз. Адамзаттың көптеген бесігі болуы мүмкін, олардың кейбірін ғалымдар әлі тапқан жоқ”, - дейді Стрингер.