- Негізгі бет
- Әлемтану
- Ғалымдар адамның ең...
Ғалымдар адамның ең көп қанша жыл өмір сүре алатынын анықтады
Сингапур, Ресей және АҚШ ғалымдары адам теориялық тұрғыдан ең көп дегенде 150 жыл өмір сүре алады деген қорытындыға келді. Олардың зерттеу нәтижелері Nature-де жарияланды.
Ғалымдар адам ағзасының күйін бағалау үшін биологиялық жас ұғымын қолданған. Биологиялық жас көбінесе адамның нақты жасына сәйкес келмейді. Биологиялық жасты анықтау үшін арнайы биомаркерлер – қартаюды болжайтын көрсеткіштер қолданылады. Олар барлығына қартаюға қарсы тиімді құралдарды таңдауға мүмкіндік береді.
Зерттеу авторлары биологиялық жасты қан анализі арқылы анықтау әдісін әзірледі және биологиялық қартаюды бағалау үшін әмбебап кешенді индикатор DOSI (динамикалық ағза күйінің индикаторы) қолдануды ұсынды. Бұл ағзаның жалпы физикалық төзімділік деңгейін көрсетеді.
АҚШ Ұлттық денсаулық сақтау және тамақтану сауалнамасы және Британ Биобанкте сақталған қан анализі деректерін талдау DOSI-ге жасына, ауруына және өмір салтына әсер ететінін көрсетті. Ғалымдар индикаторлардың физикалық белсенділік деңгейіне байланысты қалай өзгеретінін зерттеді.
Алынған мәліметтерге сүйене отырып, зерттеушілер адам ағзасының төзімділігі 120-150 жас аралығында ең төменгі деңгейге, соның ішінде 150 жаста нөлге жақындағанын анықтады. Осы бойынша ғалымдар адам теориялық тұрғыдан көре алатын максималды өмір – 150 жыл деген қорытындыға келді.
Зерттеушілер олардың жасаған әдісі, биологиялық жасты анықтаудың басқа әдістерінен айырмашылығы, бірінші рет нақты адамның қанша жыл өмір сүретінін бағалауға мүмкіндік беретінін айтты.
Т. Раушанұлы