- Негізгі бет
- Әлемтану
- Ғалым аспанда "екінші...
Ғалым аспанда "екінші ай" пайда болатынын айтты
Ғылым академиясы Физика институты астро-ғарыш орталығының қызметкері Вячеслав Авдеев аспандағы "екінші айдың" Бетельгейзе жұлдызының жарылуы нәтижесінде пайда болуы мүмкін екенін айтты.
Вечаслав Авдеевтің пайымдауынша, жұлдыздың жарығы аспандағы толған Айдай болады. Ол түнде ғана емес, күндіз де көрінеді.
Авдеев 2019 жылдың соңында Орион шоқжұлдызындағы қызыл супергигант Betelgeuse жұлдызының жарығы азая бастағанын айтты. Содан кейін ол жақын арада жарылуы мүмкін деген болжам жасалды.
"Қалай болғанда да, жұлдыз алдағы он немесе жүз мыңдаған жылдарда жарылады", - дейді Авдеев.
Бетельгейзе Жерге салыстырмалы түрде жақын, шамамен 550 жарық жылы қашықта орналасқан. Бұл жартылай тұрақты деп аталатын айнымалы жұлдыз. Ол 400 күн сайын табиғи түрде ағарады және қараяды.
Бетельгейзенің массасы Күннің массасынан шамамен 15-20 есе ауыр, ал оның диаметрі Күнге қарағанда 500-800 есе үлкен және 100 мың есе жарқын. Астрономдар ежелден бері бұл супергигант өмірінің соңғы кезеңіне жақындап келеді, ол жарылып, супержаңаға айналады және бұл оқиға Жерден көрінеді дейді.
Біздің Құс жолы галактикасында байқалған соңғы супержаңа Кеплердің жұлдызы болған, ол 1604 жылы жарылған. Астрономдардың жазбаларында бұл үш аптадан астам уақыт бойы күндіз көрініп тұрғаны айтылады.
Т. Раушанұлы